Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


кезінде  байқалады.  Асфиксия



Pdf көрінісі
бет474/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   470   471   472   473   474   475   476   477   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

 
кезінде 
байқалады. 
Асфиксия
(грек. asphyxia – тұншығу) кезінде 
сыртқы тыныс алу жеткіліксіздігі жедел дамып, қанға О
2
түсуі тоқталады да, қаннан СО
2
шығарылмайды. Ол тыныс алу 
жолдары қысылғанда, олардың саңылаулары бөгде затпен 
бітелгенде, тыныс алу жолдары мен өкпе ұяшықтарында сұйық 
жиналғанда (өкпе ісінгенде, құсық немесе су түскенде), 
кеуденін екі жағында пневмоторакс дамығанда болады. 
Бұлардан басқа: 
♣ мидағы тыныстық орталық қатты тежелгенде 
♣ жүйкелік серпіндердің тыныс еттерінде өткізілуі 
бұзылғанда (ботулизм, миорелаксанттардың әсерінен) 
♣ кеуде қуысының қозғалу мүмкіншілігінің тым қатты 
азайғанында (өкпеқап қабынғанда, қатты ауыру сезімталдығы 
пайда болғанда немесе сыртынан ауыр заттармен қысылып 


567
қалғанда) т.б. жағдаларда организмнің тұншығуы болады. 
Организмнің тұншығуы төрт сатыда өтеді:
● 1-саты
инспирациялық ентік 
сатысы делінеді. Бұл 
кезде
 
терең жиі (стеноздық) тыныс алу байқалады. Демді 
ішке тарту сыртқа шығарудан ауыр және ұзақ болады. Жалпы 
организмнің қозуы байқалады, симпатикалық жүйке жүйесінің 
межеқуаты көтеріледі (көздің қарашығы кеңиді, тахикардия 
дамиды, артериялық қан қысымы көтеріледі), жалпы тырыспа-
селкілдек байқалады, еріксіз дәрет бұзылады; 
● 2-саты
экспирациялық ентік 
сатысы делінеді. Бұл 
кезде тыныс алу жиілігі сирейді, бірақ оның тереңдігі 
жоғары қалпында сақталады, демді сыртқа шығару оны ішке 
тартудан ауырлап, ұзарады. Бұл кезде парасимпатикалық 
жүйке жүйесінің межеқуаты көтеріледі (көз қарашығы 
жиырылады, артериялық қан қысымы төмендейді, брадикардия 
дамиды); 
● 3-саты 
жантәсілім алды 
сатысы делінеді. Бұл кезде 
тыныстың тереңдігі мен жиілігі біртіндеп азайып, тыныс алу 
тоқтайды. Мұны соңғы (терминалдық) үзіліс дейді. Бұл 
сатыда адам есінен танады, тыныстық және қан тамырларының 
қимылдық орталықтары тежеледі, рефлекстер мүлде жоғалады. 
● 4-саты 
ақтық 
сатысы делінеді. Соңғы үзілістен кейін 
агониялық тыныс (ақтық дем немесе Гаспинг тынысы) 
басталады. Алдымен әлсіз демді ішке тарту болады, артынан 
ол күшейеді, бірақ белгілі мөлшерге жеткен соң біртіндеп 
әлсіреп, тыныс біржола тоқтайды. 
Агониялық тыныс кезінде демді ішке тарту барлық тыныс 
алуға қатысатын бұлшықеттердің әдеттегіден тыс тым қатты 
жиырылуымен, дем алуға қальшты жағдайда қатыспайтын 
бұлшықеттердің (ауыз, мойын еттері) қатысуымен, болады. 
Бас артқа шалқайып, ауыздың кең ашылуымен өліп бара жатқан 
адам ауаны ауызымен қармап, жұтуға тырысады. Бұл кезде 
жүректің қызмет атқару мүмкіншілігі әлі сақталып қалады, 
ол 5-15 минөт жиырылуы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   470   471   472   473   474   475   476   477   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет