563
азайып, қанда оның деңгейі көбейіп кетеді. Қанда бұл
газдың үлестік қысымы с. б. 45 мм-ден астам көтеріледі.
Осыны гиперкапния дейді. Гиперкапнияның деңгейі өкпе
ұяшықтарының желдетілуі азаюынан тікелей байланысты болады
Осыдан қанда қышқылдық-сілтілік үйлесімділіктің бұзылуы
байқалады, газдық ацидоз дамиды. Артынан гипоксияның
нәтижесінде газдық емес, метаболизмдік ацидоз қосылады.
Гиперкапнияның нәтижесінде ми тамырлары кеңіп, бас
сүйек ішінде қысым көтеріледі. Содан бас ауыруы, көңіл -
күйдің қобалжуы, діріл пайда болады. Артынан естен тану
болып, кома дамиды.
Сыртқы
тыныс
жеткіліксіздігінің
бейспецификалық
көріністері.
Тыныс алудың жиілігі мен ырғағының өзгерістері терең
жиі тыныс, терең сирек тыныс, үстіртін жиі тыныс, үстіртін
сирек тыныс, инспирациялық ентік, экспирациялық ентік және
үзілісті тыныстар түрлерінде байқалады.
Терең жиі тыныс
гиперпное
делінеді. Ол қол жұмысын
атқарғанда, гипоксемия, ацидоз, асқын қызыну кездерінде
тыныс алу орталығы қозуынан дамиды.
Терең сирек тынысты
брадипное
дейді. Ол организмге
оттегі
көп
түсуінде,
кезбе
жүйкенің
межеқуаты
көтерілгенде,
тыныстық
орталықтың
қозымдылығы
төмендегенде,
артериялық
қысым
көтерілгенде
т.с.с.
жағдайларда байқалады.
Үстіртін жиі тыныс
тахипное
немесе
полипное
делінеді.
Ол тыныстық орталықтың қозымдылығы көтерілгенде, өкпе
тінінің бүліністері (пневмония, ателектаз, эмфизема т.б.)
нәтижесінде тыныстық беттің азаюы кезінде, симпатикалық
жүйке жүйесінің межеқуаты көтерілгенде, артериялық қысым
төмендегенде, гипоксемия кездерінде дамиды.
564
- сурет. Дерттік өзгерген тыныс алудың түрлері.
1- қалыпты тыныс, 2- терең жиі тыныс, 3- терең сирек
тыныс, 4- үстіртін жиі тыныс, 5- үстіртін сирек тыныс, 6-
инспирациялық ентік, 7- экспирациялық ентік, 8- Чейн-Стокс
тынысы, 9- Биот тынысы, 10- Кусмауль тынысы.
Үстіртін сирек тыныс жантәсілім алдында байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: