Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Артерия қабырғасына липопротеидтердің өтуіне және онда



Pdf көрінісі
бет459/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   455   456   457   458   459   460   461   462   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Артерия қабырғасына липопротеидтердің өтуіне және онда 
жиналуына әсер ететін ықпалдар* 
Әсер 
ететін 
жері 
Ықпалдар 
Әсер ету түрі 
Қан 
төмен, 
өте 
төмен, 
аралық 
тығыздықты 
липопротеид тердің және 
олардың 
өзгерген 
түрлерінің 
деңгейі 
көтерілуі 
Липопротеидтердің 
(ЛП) 
артериялардың 
ішкі 
қабығына (интимасына) өтуі 
көбеюі 


551
жоғары 
тығыздықты 
липопротеидтердің 
деңгейі азаюы 
артериялардың 
қабырғаларынан 
холестериннің аластанбауы
артериялық қысымның 
көтерілуі 
эндотелий жасушаларының 
өткізгіштігі көтерілүі 
және ЛП-дің интимаға өтуі 
Эндотелий 
эндотелийдің және 
гликокаликстің бүлінуі. 
Уытты т. б. заттардың, 
катехоламиндердің 
әсерлерінен жасуша 
аралық кеңістіктердің 
кеңуі. ЛП-терді ретсіз 
эндоцитоздық қамтудыи 
белсенділігі артуы. 
ЛП-терге эндотелий 
қабығының өткізгіштігі 
көтерілуі. 
Интима 
интиманың ісінуі. Оған 
өткен тегіс ет 
жасушалары мен 
моноциттердің,
макрофагтардың өсіп-
өнуі. 
ЛП-тер мен липидтердің 
интимаға жиналүы. 
Медия 
(артерияла
р-дың 
ортаңғы 
қабығы) 
тегіс ет жасушаларының 
өсіп-өнуі және олардың 
интимаға өтуі. Медияның 
гипоксиясы. 
ЛП-тер мен липидтердің 
интимаға жиналуы. 
Адвентиция 
(сыртқы 
қабығы) 
Vasa vasorum мен лимфа 
ағуының бұзылүы. 
Лаброциттердің азаюы. 
ЛП-тердің тамыр 
қабырғаларынан 
аластануының азаюы. 
*— А. Н. Климов бойынша келтірілді. 
Атеросклероздың бастапқы сатысында артериялардың ішкі 
қабығында липидтердің жиналуы мына себептерден болады: 
● тектік ақаулардың нәтижесінде тін жасушаларының 
сыртқы беттерінде ТТЛП-ді қабылдайтын рецепторлар болмауы 
мүмкін немесе тым аз болады; осыдан бұл липопротеидтердің 
жасуша ішіне жұтылуы (эндоцитозы) бұзылады; осындай 
ақаулар 
отбасылық 
гиперхолестеринемия 
(IIA-түріндегі 
гипербеталипо- протеидемия) кездерінде байқалады. J. 
Watanabe өсіріп шығарған асыл тұқымды қояндарда ТТЛП-ге 
рецепторлардың тұқым қуатын ақаулары болатыны анықталған; 
● 
тамақпен 
холестеринді 
тым 
артық 
қабылдағанда 
рецепторлардың қатысуымен ТТЛП-дің жасушалармен жұтылуы 


552
(эндоцитозы) біртіндеп әлсірейді; қанда холестериннің тым 
артық болуынан, бұл екі жағдайда да, эндотелий 
жасушаларымен, макрофагтармен және тегіс салалы ет 
жасушаларымен, ТТЛП-дің ретсіз қамтылуы болады; 
● 
қан 
тамырларының 
қабырғаларында 
қабынулық 
өзгерістер, жасушалардың артық өсіп-өнуі және артериялық 
гипертензия 
болуларынан 
олардан 
атерогендік 
липопротеидтердің аластануы баяулайды. 
Атеросклерозға артериялардың ішкі қабығы - интимасы 
ұшырайды. Атеросклероздық бүліністер липидтік таңдақтар 
мен 
жолақтар 
пайда 
болумен 
басталып, 
ары 
қарай 
атероматоздық түйіндер құрылуымен және ішкі ағзалардың
бүліністерімен көрінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   455   456   457   458   459   460   461   462   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет