Липидтік таңдақтар артериялардың
әр
жерлерінде,
әсіресе қолқада, өзбетінше пайда болады.
Эндотелий асты қабығына плазмадан өткен липопротеидтер
интиманың жасушаларымен, ең алдымен тегіс ет жасушаларымен
және макрофагтармен жанасады. Содан тегіс ет жасушалары
мен макрофагтардың өсіп-өнуі, талшық құрылымдардың көбеюі
байқалады. Эндотелий жасушаларының астына ортаңғы қабықтан
(медиядан) көптеген тегіс ет жасушалары шығады. Бұл
жасушалар
көптеп
өсіп-өніп,
холестериннің
эфирлері
жиналуын
туындатады.
Макрофагтар
эндоцитоз
жолымен
липопротеидтердің
бөлшектерін
ретсіз
қамтиды.
Оны
скевенджер-қамту дейді деп жоғарыда келтірілді. Ұлпа және
дәнекер
тін
жасушаларының
липопротеидтерді
қамтуына
қарағанда,
макрофагтар
құрылымын
өзгерткен
ТТЛП-дің
түрлерін
қамтиды.
Макрофагтармен
липопротеидтердің
қамтылуы сыртындағы рецепторлардың қатысуымен болады.
Бірақ бұл рецепторлар В-, Е-рецепторларынан ерекше
рецепторлар.
Олар
ацетилденген
липопротеидтерге
(скевенджер-рецепторлар),
ӨТТЛП-ге,
ТТЛП
мен
гликозамингликандардың
кешендеріне,
нәруыз-холестерин
эфирлері кешендеріне, ЛП-антидене иммундық кешендерге
т.с.с. бағытталған рецепторлар болады.
Сонымен,
макрофагтардың
өзгерген
липопротеидтерді
байланыстыратын көптеген рецепторлары болады.
Артериялардың қабырғаларындағы тегіс ет жасушалары да,
макрофагтар сияқты өзгерген липопротеидтерді қамти алады.
Осыдан макрофагтар мен тегіс ет жасушалары майға толып
кетіп, өздерінің қалыпты құрылымдарынан айрылады және
көпіршіктенеді. Сондықтан оларды көпіршіктенген жасушалар
деп атайды. Бұл жасушалар интимаға жиналып, ыдыраудың
нәтижесінде олардан холестерин босап шығады да, липидтік
таңдақтар мен жолақтардың пайда болуына әкеледі.