Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


алады. Бұл қүбылысты  эндоцитоздық қамту



Pdf көрінісі
бет458/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   454   455   456   457   458   459   460   461   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

549
алады. Бұл қүбылысты 
эндоцитоздық қамту
деп атайды. Бірақ 
бұл жолмен эндотелий жасушаларының липопротеидтерді қамтуы 
тек 
жасушаны 
холестеринмен 
қажетті 
мөлшерде 
ғана 
қамтамасыз ету үшін болады. . Бұл кезде жасушаларға енген 
липопротеидтер лизосомалармен бірігіп кетеді. Осыдан ТТЛП 
нәруыздар мен холестерин эфирлеріне ыдыратылады. Нәруыздар 
аминқышқылдарына ыдыратылып, жасушалардан шығарылады. 
Холестерин эфирлері ыдыратылып, холестерин босап шығады. 
Бос холестерин лизосомадан цитоплазмаға ауысады. Содан ол 
жасуша мембранасы құрылуына, стероидтық гормондар түзуге 
т.б. мақсаттарда пайдаланылады. Бірақ тым артып кеткенде 
холестерин 
май 
қышқылдарымен 
байланысқан 
эфирлері 
түрлерінде жасушада жиналып қалады. Ол өз алдына 
атерогендік липопротеидтердің жасуша ішіне енуіне қажетті 
жаңа В-, және Е-рецепторлардың өндірілуін азайтады. Бұл 
кезде жасушада холестерин мен липопротеидтердің жинақталуы 
болмайды. Сондықтан артериялардың эндотелий жасушаларымен 
липопротеидтердің қамтылуы азаяды. Содан липопротеидтер 
мен холестериннің эндотелий жасушаларының астына, интимаға 
өтуі көбеймейді. Атеросклероз тек осы интима қабатында 
дамиды.
● 
липопротеидтердің 
интимаға 
өтуі, 
көрсетілген 
рецепторлардың қатысуынсыз, басқа жолдармен болады деп 
есептеледі. Ол 
пиноцитоздық қамту
жолымен болады. Бұл 
кезде 
эндотелий 
жасушалары 
қан 
плазмасынан 
майда 
тамшыларды, оларда еріген заттарды жұтып, екінші жағына 
шығарады және ТТЛП-дің және холестериннің мөлшері қан 
плазмасында неғұрлым көп болса, соғұрлым пиноцитоздық 
жолмен артериялардың ішкі қабығына олардың тасымалдануы да 
көп 
болады. 
Холестериннің 
бұл 
жолмен 
тасымалдануы 
реттелінбейді. Бұдан басқа да липопротеидтердің ретсіз 
тасымалдану 
жолдары 
болады 
(төменде 
қараңыз). 
Бұл 
тасымалдау жолын скевенджер – қамту (ағыл. sсаvеngег 
uptake) деп атайды. Эндотелий жасушалары макрофагтарға тән 
қызмет атқарады.Артериялардың эндотелий жасушаларында 
пиноцитоз бен скевенджер-қамту бір мезгілде өтулері мүмкін 
және екеуі де эндоцитоздық көпіршіктер пайда болуын 
туындатады. 
Бірнеше 
көпіршіктер 
бірігіп, 
жасуша 
цитоплазмасы арқылы жарып өтетін өзекшелер пайда болуына 
әкелуі мүмкін. Бұл өзекшелермен липопротеидтер қан 
плазмасынан 
эндотелий 
асты 
кеңістіктерге 
(интимаға) 
тікелей 
тасымалдануы 
ықтимал. 
Сонымен, 
эндотелий 
жасушаларының 
В-, 
Е-рецепторларының 
қатысуымен 
липопротеидтерді қамтуы азайғанда, эндоцитоздық қамтудан 
басқа, соның ішінде ең алдымен скевенджер — қамту жолы 
әсерленеді. 


550
Эндотелий жасушаларымен қамтылған липопротеидтердің 
жартысы, оның ішінде ұсталып қалмай, екінші жағына 
экзоцитоз жолымен өтіп, эндотелий жасушаларының астыңғы 
қабатына түседі. Липопротеидтердің екінші жартысы жасуша 
ішінде ыдыратылады. Қанда холестериннің деңгейі көтеріліп 
кеткенде 
эндотелий 
жасушаларымен 
липопротеидтердің 
қамтылуы көбейіп, эндотелий қабатының астына тасымалдануы 
жоғарылайды. 
Оның 
негізінде 
бір 
жағынан 
эндотелий 
жасушаларының 
құрылымдық 
және 
әрекеттік 
өзгерістері 
маңызды 
болса, 
екінші 
жағынан 
липопротеидтердің 
өзгерістерінің маңызы бар. 
Қан плазмасынан липопротеидтер субэндотелий қабатына 
эндотелий жасушаларының арасындағы кеңістіктер арқылы да 
өтуі ықтимал. Гиперхолестеринемия кезінде бұл кеңістіктер 
кеңиді. 
Адреналин, норадреналин, серотонин, ангиотензин-II, 
брадикинин және холестерин эндотелий жасушаларын жиырып, 
олардың арасындағы кеңістіктерді кеңітеді. Никотин де 
осындай әсер етуі мүмкін. 
Кейбір ғалымдардың пікірлері бойынша артериялардың 
қабырғаларына липопротеидтердің өтуі бүлінген эндотелий 
қабаттары арқылы болады. Эндотелий қабатының бүліністері 
қан 
айналымның 
бұзылыстарынан, 
уытты 
заттардың 
әсерлерінен, тромбылар құрылуынан т.б

жағдайлардан пайда 
болады. Эндотелий қабатының бүлінген жерлері арқылы қан 
плазмасындағы липопротеидтердің тамыр қабырғаларындағы 
тегіс ет жасушаларымен және интиманың фагоциттерімен 
түйісуі болады. 
Сайып келгенде артерия қабырғаларына липопротеидтер 
мен холестериннің жиналып қалуы қанның, қан тамырларының 
эндотелий, 
ішкі, 
орталық 
және 
сыртқы 
қабықтарының 
жағдайларынан байланысты (-кесте). 
- кесте 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   454   455   456   457   458   459   460   461   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет