Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық тағамдары Сабақтың мақсаты: Аталған тақырыпты өте отыра



Дата15.09.2017
өлшемі50,19 Kb.
#33724
түріСабақ
Қазақ тілі 11 «Б»сынып

Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық тағамдары

Сабақтың мақсаты: Аталған тақырыпты өте отыра

оқушыларды мемлекеттік тілде таза,еркін сөйлей білуін,

ойын анық жеткізе білуін дамыту. Жолдастыққа, адамгерші-

лікке, асты қадірлей білуге, инабаттылыққа,үлкенге құрмет,

кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, қайталау, мәтінмен жұмыс.

Көрнекіліктер:сөзжұмбақ, тест тапсырмалары, суреттер,

қима қағаздар, бағалау парағы.

Жұмыс түрлері: топпен жұмыс.

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі

-Сәлеметсіңдер ме, балалар!

-Бүгін сыныпта кім кезекші?

Кезекшінің есеп беруі.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

А)Сөздік сұрау

В)1.3-тапсырмасын тексеру.

С) Сұрақтар қою.

1.Қазақ тілінде жалғаудың неше түрі бар?

2.Тәуелдік жалғаудың жекеше түрі.

3.Қос сөз дегеніміз не?

4.Қысқарған сөзге мысал келтірейік.

5.Біріккен сөзге мысал келтірейік.

6.Омоним сөздер дегеніміз не?

7.Антоним дегеніміз не?

8.Синоним дегеніміз не?

9.Тұйық етістіктің жұрнағы, мысал келтіру.

10.Көптік жалғауларды кім атайды?

3.Жаңа сабақ.

Ал, енді балалар сөзжұмбақ шешу арқылы сабағы-

мыздың тақырыбын анықтайық..
№1

1.Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.

2.Қандай? қай? сұрақтарына жауап беретін тұрлау-

сыз мүше?

3.Кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөз табы.

4.Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер

қалай аталады?

5.Қайталанып, қосарланып айтылатын сөздер

қалай аталады?

6.Кімді?нені? сұрақтарына жауап беретін септік.

7.Жауап алу мақсатымен сұрай айтылған сөйлем қа-

лай аталады?

8.б, в, г дауыссыз дыбыстардың қай түріне жатады?

№2

1.нация



2.отрасль

3.родной


4.тема

5.посуда


6.всегда

№3

1.Кімге? неге? сұрақтарына жауап беретін тұрлаусыз



мүше.

2.Кім?не?сұрағына жауап беретін септік.

3.ученый

4.а, о, ы дауысты дыбыстың қай түріне жатады?

5.Зат есім, сын есім, сан есімнің орнына жүретін сөз

табы.


6.Не істеді? сұрағына жауап беріп, сөйлемнің соңында

тұратын тұрлаулы мүше.

7.Бастауышы бар жай сөйлемнің түрі.

8.Нешінші? сұрағына жауап беретін сан есімнің түрі.

9.Салалас құрмалас сөйлемнің түрі және, да, де, та, те, әрі

шылаулары арқылы байланысады.

Сөзжұмбақ шешу арқылы сабағымыздың тақырыбын

анықтадық..

1-слайд Сөздік

Ұлттық дастарқан-национальная кухня

Қазы-қарта, жал-жая -лакомые куски конины

Қаймақ -сметана

Сүзбе -творог

Құрт -сушеный кисломолочный продукт

Нан -хлеб

Бата беру -благословить

Қазақтың қанында -в крови у казахов

Қамыр -тесто

А)мұғалім оқиды.

Ә)оқушылар оқиды.

В)орысша- қазақша оқиды.

С)сөздік дәптерлеріне жазады.

2-слайд: Тыңдалым

1.Қазақтың ұлттық тағамдары

2.Мұғалім мәтінді оқып тұрады.

1-сурет Қазақтың дастарқаны

2-сурет Ет тағамдары: қазы-қарта, жал-жая;

3-сурет Сүт тағамдары: қымыз, айран, құрт, шәрбәт;

4-сурет Нан тағамдары: бауырсақ, шелпек, таба нан;

5-сурет Қазақша ет табағы.

А)әр топтан бір оқушы дауыстап оқиды.

Ә)тізбекпен оқу.

Б)әр топ мәтін бойынша 2 сұрақтан құрастырады.

3)Дәптермен жұмыс

А)сөздік диктант

Сөздерді орыс тілінен қазақ тіліне аударып сөз тіркестерін құрастырып жазу;

Хлеб, мясо, кумыс, творог, молоко, гостепреимный, большой, сметана.

Ә)Жазған сөздерін буынға бөліп буын түрлерін ажырату.

В) Тапсырмалар орындау;

1.1-тапсырма .Сөйлемдерді толықтырып жазыңдар.

Талдау: Қазақ халқы үшін дастарқаннан үлкен, дәмнен үлкен нәрсе жоқ.

Бұл біздің ата-бабаларымызға көшіп-қонып жүрген кездерінде аман қалуларына мүмкіндік берді.

Ұлттық сөзіне фонетикалық талдау .

Ұ-д/ты, жуан, еріндік, қысаң

Л-д/сыз, үнді

Т-д/сыз, қатаң

Т-

Ы-д/ты, жуан, езулік, қысаң



Қ-д/сыз, қатаң

Сөзде: 6 әріп, 6 дыбыс, 2 д/ты, 4д/сыз дыбыс бар.

Қонақтар сөзін септеу.

Ет тағамдары: қазы-қарта, жал-жая, жұжық, қуырдақ..

Сүт тағамдары; айран, қымыз, құрт, шәрбәт, қаймақ..

Ең негізгі ұлттық тамақ-бесбармақ..

Ең құрметті қонаққа-бас тартылады.

Тамақтан соң жасы үлкен, құрметті кісі бата береді.


С) «Кубизм стратегиясы» бойынша тапсырмалар орындау

№1.Мағыналық жағынан тіркесе алатын сөздермен сызық арқылы белгілеңдер.

Ас балық

Түскі қызмет

Сыйлы қалайсыз

Мінсіз мәзірі

Не үзіліс

Бұқтырылған қонақ

№2.1.Тәуелдік жалғауларды ата:

2.Қос сөзге мысал келтір.

3.Ұлттық , қонақтарды, ет сөздерін сөз құрамына талда.
№3.1.Қазақ тілінде неше сөз табы бар?

2.Қысқарған сөзге 3 мысал келтір.

3. «Бесбармақ» сөзін септе.
№4.1.Жіктік жалғауын атап шық:

. 2.Тағамдары, оларға, адам сөздерін сөз құрамына талда.

3.Фонетика дегеніміз не?
№5.1.Септік жалғауларын ата:

2.Біріккен сөзге 3 мысал келтір.

3. «ет» сөзіне фонетикалық талдау жаса.
№6.1. Көптік жалғауларын ата:

2.Омонимге 2 мысал келтір.

3.Қазақ тілінде неше әріп бар?
№7.1.Үйшік, ақшыл,асхана сөздерін сөз құрамына талда.

2.Қос сөзге 3 мысал келтір.

3.Мен, сен, ол, сіз есімдіктің қай түріне жатады?
«Сөздік ойын» 1-топқа қонақжайлылық

2-топқа бабаларымызға сөздері беріледі, сол сөзден оқушылар сөз

құрастырып, орыс тіліне аударады.

Тест


1. «Қаймақ» сөзінің аудармасын тап:

А)молоко


В)сметана

С)творог


Д)тесто

Е)скатерть

2.Қазақтың қанында бар жақсы қасиет:

А)қонақжайлылық

В)тәтті нан

С)бабалары

Д)қонақтар

Е)көмек


3.Ұяң дауыссыздан басталған сөз:

А)қасиет


В)қонақ

С)тәтті


Д)тағам

Е)баба


4. «Бесбармақ» қай халықтың тағамы?

А)татар


В)өзбек

С)қазақ


Д)орыс

Е)ұйғыр


5. «Творог» сөзінің қазақ тіліндегі аудармасын тап:

А)сүзбе


В)қаймақ

С)ет


Д)бауырсақ

Е)айран


Ғ) Әр топ кластер толтырады:

Қазақтың ұлттық тағамдары

Сабақты қорыту:

Оқушыларды бағалау:



Үйге:сөздер жаттау, ережелерді қайталау.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет