538
нәтижесінде тіндерде зат алмасуларының бұзылыстары дамып,
қышқыл аралық өнімдер жиналып қалады. Олар майда қан
тамырлары қабырғаларының өткізгіштігін көтереді, қанның
сұйық бөлшектері тамыр сыртына шығып кетіп, оның
айналымдағы көлемін одан сайын азайтады. Осыдан артериялық
қан қысымы күрт төмен түсіп кетеді. Бұл өз алдына гипоксия
дамуын ары қарай күшейтеді. Мида отгегі аз болуынан
организмнің тіршілігіне маңызды қызметтері бұзылады.
Кез келген коллапсты емдеу үшін айналымдағы қанның
көлемін арттырып, артериялық қысымды көтеру шараларын
қолдану қажет. Ол үшін науқас адамға қан немесе қанды
алмастыратын сұйық енгізу керек. Сонымен бірге бүйрек үсті
бездерінің сыртқы қабатының гормондарын енгізу коллапсты
емдеуде нәтижелі болады. Глюкокортикоидтық гормондар қан
тамырлары қабырғаларының өткізгіштігін азайтып, қанның
сүйық бөлшегінің тамыр сыртына шығуын шектейді. Сонымен
бірге, олар ангиотензинге ауыстыратын фермент түзілуін
арттырып,
шеткері
артериолалардың
жиырылуына,
қан
қысымының
көтерілуіне
әкеледі.
Бұл
гормондар
катехоламиндердің әсер етуінде қолдаушы ықпал етеді.
Сондықтан науқас адамдарға катехоламиндер жіберіп, қан
қысымын көтеру қажет.
Достарыңызбен бөлісу: