Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет448/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   444   445   446   447   448   449   450   451   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

гемодинамикалық 
(қолқа артерияларының атеросклерозы, қолқа 
қақпақшасының жеткіліксіздігі т. с. с. кездерінде) 
гипертензиялар жатады. 
Артериалық гипертензиялардың зардаптары. 
Артериалық 
қысым ұзақ тұрақты көтерілуінен

● 
жүректің өзгерістері: 
♣ сол жақ қарыншаның гипертрофиясы; 
♣ іркілулік жүрек қызметінің жеткіліксіздігі; 
♣ миокард ишемиясы мен инфаркты; 
♣ өкпе ісінуі – дамуы мүмкін. 
● 
ми бұзылыстары: 
♣ ми ишемиясы; 
♣ ми ісінуі; 
♣ миға қан құйылу; 
♣ ми тамырларының тромбозы; 
♣ энцефалопатия – дамуы ықтимал. 
● 
қан тамырларының бұзылыстары: 
♣ сыдырылатын аневризма дамуына; 
♣ қолқа жыртылуына - мүмкіндіктер болады. 
● 
бүйректің өзгерістері: 
♣ нефросклероз; 
♣ 
бүйрек 
қызметінің 
созылмалы 
жеткіліксіздігі
дамуына әкелуі ықтимал.
Артериалық гипотензиялар 
Артериялық қан қысымының тұрақты төмендеуін гипотензия 
дейді. Оның даму негізінде майда қан тамырларының 
межеқуаты азаюы жатады. Артериялық гипотензия кездерінде 
жалпы әлсіздік, тез шаршағыштық, тахикардия, ентік, көз 
қарауытуы, бас айналу, бас ауыруы, кейде тіпті талықсу, 
естен тану байқалады. Артериялық гипотензия физиологиялық 
немесе патологиялық болып ажыратылады. Физиологиялық 
гипотензия кезінде дерттік өзгерістер байқалмайды және ол 
қысқа мерзімде жақсы шыныққан спортшыларда, таулы жерлерге 
дағдыланған адамдарда байқалады. 


537
Патологиялық гипотензия жіті және созылмалы болады. 
Жіті артериялық гипотензиялар сілейме (шок), коллапс, 
талықсу кездерінде байқалады. 
Шоктың барлық түрлерінде артериялық қан қысымы қатты 
төмендеп кетеді (шокты қараңыз). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   444   445   446   447   448   449   450   451   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет