Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Әйгіленімдік гипертензиялар



Pdf көрінісі
бет446/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   442   443   444   445   446   447   448   449   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

534
Әйгіленімдік гипертензиялар
Белгілі бір аурулардың нәтижесінде, олардың әйгіленімі 
ретінде, 
дамыған 
артериалық 
қысымның 
көтерілуін 
әйгіленімдік гипертензиялар дейді. Олар бүйрек аурулары, 
эндокриндік аурулар кездерінде жиірек кездеседі.
Бүйректік 
артериялық 
гипертензиялар. 
Бүйректік 
артериялық гипертензиялар: 
● ренопривтік немесе бүйрек ұлпалық (3-5% ); 
● реноваскулалық
 
немесе бүйрек-қан тамырлық (1-4%) - 
деп екіге ажыратылады. 
Ренопривтік артериялық гипертензия 
бүйректің ұлпасында 
құрылымдық өзгерістер болудан дамиды. Грольман (1949 ж.) 
деген ғалым тәжірибелік иттердің екі бүйрегін бірдей сылып 
тастап, жасанды бүйрек аспабына қосу арқылы олардың 
тіршілігін сақтап тұрғанда ауыр артериялық гипертензия 
дамитынын байқады. Артынан өткізілген зерттеулер бойынша: 
бүйрек артериялық қан тамырларын жиырылтатын зат (ренин) 
қана емес, оларды босаңсытатын да заттар өндіретіні 
дәлелденді. Осылай бүйрек организмде артериялық қан 
қысымын қалыпты деңгейде ұстап тұруға қатысады. Қан 
тамырларын босаңсытатын заттарға бүйректің милық қабатында 
өндірілетін бейтарап майлар, А, Е түрлес простагландиндер, 
фосфолипидтік рениннің тежегіштері т. б. жатады. 
Простагландиндер мол қаңықпаған май қышқылдарының 
өнімі. Олар бүйректің милық қабатындағы дәнекер тіндерінің 
жұлдыз 
тәріздес 
жасушаларында 
өндіріледі. 
Простагландиндердің өндірілуі қандағы ангиотензин-II-нің 
деңгейімен қадағаланады. Қанда ангиотензин-II көбейгенде
соған 
жауап 
ретінде 
бүйректің 
милық 
қабатында 
простагландиндердің өндірілуі артады. Осыдан ангиотензин-
II-нің әсерінен жиырылған артериолалар простагландиндердің 
ықпалымен босаңсып, артериялық қан қысымы қалпына келеді. 
Простагландиң Е сау жануарларда да қан қысымын 
төмендетеді, ал простагландин А сау жануарларда оны 
төмендетпейді, 
бірақ 
бүйректік 
гипертензия 
дамуынан 
сақтандырады. Простагландиндер шеткері майда артерияларды 
кеңітеді, натрий иондарының несеппен сыртқа шығарылуын 
күшейтеді. 
Осыған байланыстыренопривтік гипертензия:

 
бүйректе 
қан 
тамырларын 
босаңсытатын 
заттар 
өндірілмеуінен; 
● несеп шығарылуы бұзылғандықтан айналымдағы қан 
көлемінің артып кетуінен - дамиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   442   443   444   445   446   447   448   449   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет