577
белгілер пайда болады.
Бұл қүбылыстардың негізгі себебі болып мида, тежегіш
медиаторлардың
(гамма-аминомай
қышқылы,
глицин)
аз
түзілуінен немесе оларды қабылдайтын нейрон беттеріндегі
рецепторлардың сезімталдығы төмендеуінен, орталық жүйке
жүйесінің төменгі бөліктері мен тіндердің тежеуші
ықпалдан шығып кетуі байқалады. Ұзақ гипоксия кезінде
орталық жүйке жүйесінде өте ауыр зат алмасулық және
функциялық бұзылыстар байқалады. Онда алдымен қозу,
артынан тежелу үрдістері дамиды, рефлекстік әрекеттер
бұзылады, тыныс алу және қанайналымы жүйелерінің реттелуі
өзгереді. Ауыр гипоксия кездерінде адамның естен тануы,
сіңір тартылуы, тырыспа-селкілдек байқалады.
Гипоксия кезіндегі басқа мүшелер мен жүйелердің
бүліністері:
● орталық жүйке жүйесінің реттеуші әрекеттерінің
бұзылыстарымен;
● энергияның тапшылығымен;
● зат алмасуларының уытты өнімдері жиналуымен –
түсіндіріледі.
Оттегі жеткіліксіздігіне жүйке жүйесінен басқа жүрек
еті
де
өте
сезімтал
болады.
Бұл
кезде
жүректің
қозымдылығы, өткізгіштігі және жиырылғыштыгы бұзылады,
жүрек соғуы жиілейді, оның ырғағы өзгереді, аритмия
дамиды.
Гипоксия кезінде өкпеде ауа алмасуы бұзылады. Тыныс
алу ырғағы өзгереді, жиі үзілісті Чейн-Стокс тынысы
байқалады. Ас қорыту жүйесінде гипоксияның әсерінен
асқазанның, ішектердің және үйқыбездің сөл шығару,
қимылдық қызметтері әлсірейді.
Гипоксияның ауыр түрлерінде дене қызымы азаяды.
Өйткені: зат алмасуларының қарқыны төмендейді және
термореттелу тетіктері бұзылады.
Достарыңызбен бөлісу: