585
реттелулерінің өзгерістері; мәселен, кезбе жүйке қозғанда,
ас қорыту жолдарының гормондары: секретин, холецистокинин,
гастрин артық түзілгенде
өт өндірілуі көбейеді;
● өт жолдарының бүліністері (гепатит, холангит,
холецистит); содан өт жолдарында ұзақ іркіліп қалудан
бауыр жасушаларының өт өндіру қызметі төмендейді;
●
тағамдық
заттар,
кейбір
дәрілік
шөптер
мен
препараттардың (майлы тағам,
жұмыртқа сарысы, жүгері
шашағы, сорбит) әсерлерінен өт өндірілуінің көбеюі болады;
● организмде энергияның тапшылығына әкелетін ішкі және
сыртқы ықпалдар (гипоксия, қызба, гипотермия, цианидтермен
улану т.с.с.) өт өндірілуін тежейді;
● ішектерде дисбактериоздар дамуы өт бөлшектерінің (өт
қышқылдары мен нілдерінің) бауыр мен ішектер арасындағы
айналымын тежейді;
Өттің
ішекке
шығарылуы
(секрециясы)
мен
оның
бөлшектерінің ішектен кері
сіңірілуі энергияны қажет
ететін
үрдістер.
Сондықтан
тіндерде
энергияның
тапшылықтығы осылардың бұзылыстарына әкеледі.
Бауыр мен ішектердің арасындағы өт бөлшектерінің
айналымы ішек микробтарының ферменттік белсенділігіне
байланысты. Ішек микробтары өт қышқылдары мен тура
билирубиннің биохимиялық өзгерістерін, артынан ашішектерде
кері
қанға сіңірілуін, қанмен бауырға оралуын және өтпен
қайта шығарылуын қамтамасыз етеді.
Өттің ішекке шығарылуының бұзылыстары мына жағдайларда
болуы мүмкін:
● өт өзектерінің жүйкеленуі бұзылуыннан (дискинезия,
спазм);
● өт шығарылуының сұйықтық реттелулері өзгерістерінен
(секретин, холецистокинин, мотилин
артық өндірілгеңде өт
шығарылу да күшейеді);
● өт жолдарының сыртынан өспемен, тыртық тінмен т.б.
қысылып қалғанда;
● өт жолдары ішінен таспен, құрттармен,
қою өтпен
бітеліп қалғанында.
Өт өндірілуі және оның ішекке шығарылуының бұзылыстары
сарғыштану және дисхолия түрлерінде көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: