ахолиялық (грек. а -
жоқ, chole - өт)
синдром дамиды. Бұл кезде ішектерде ас
қорытылуы бұзылады. Ішектерде өт қышқылы болмауынан липаза
әсерленбейді,
майлардың
эмульсиясы
болмайды,
өт
қьппқылдарының
май
қышқылдарымен
еритін
кешендері
құрылмайды. Осыдан тағаммен түскен майлардың 60-70%-ы
қорытылмай
үлкен
дәретпен
сыртқа
шығарылады.
Бұны
стеаторея (лат. stear, atos - май, rheo - ағу -май ағу)
дейді. Бұл кезде майлардың сіңірілмеуінен майда еритін
витаминдердің сіңірілуі бұзылады. Сондықтан А, Д, Е, К
витаминдерінің жеткіліксіздіктері дамиды.
А-витаминінің
жеткіліксіздігінен
теріде,
шырышты
қабықтарда (көзде т.б.ағзаларда) қабынулық өзгерістер
байқалады;
Е-витамині
жеткіліксіздігінен
организмде
табиғи
антиоксиданттық жүйенің тапшылығы пайда болады. Содан
организмде май қышқылдарының асқын тотығуы бақылаудан
шығып кетіп, ішкі ағза жасушаларының мембраналарын
бүліндіреді;
Д-витаминінің
жеткіліксіздігінде
адамның
қаңқа
сүйектерінде
кальций
жиналуы
азайып,
остеопороз,
остеомаляция дамиды;
К-витаминінің жеткіліксіздігінде бауырда протромбиннің
т.б. қан ұю факторларының түзілуі бұзылады да, қан
кетулерге әкелетін қанағыштыққа бейімділіктер байқалады.
Ахолияның нәтижесінде:
● трипсин мен амилаза ферменттерінің белсенділігі
төмендеп,
нәруыздар
мен
көмірсуларының
ішектерде
ыдыратылуы бұзылады;
●
ішектердің
межеқуаты
мен
қимылдық
әрекеттері
әлсірейді. Содан іш қатуы байқалады. Бірақ, артынан өттің
бактерияларды жоятын әсері болмауынан ішектерде тамақтың
589 іріп-шіруі артып, қатты іш өтулер пайда болады;
● ішектерде стеркобилиноген құрылмауынан нәжістің түсі
ақ топырақ түстес болады, зәрде де уробилиногенде
болмайды.