592
● ас
қорыту жолдарының аурулары;
● организмнің гиподинамиясы;
● тағамда холестериннің және майлардың артық болуы;
●
холестерин, билирубин, және тұздар алмасуларының
бұзылыстары.
Өтте тас құрылудың негізгі тетіктерінің бірі болып, өт
қышқылдары
мен
холестериннің
және
лецитин
мен
холестериннің ара қатынастары төмендеуі есептеледі. Ол
мына жағдайларда:
♣
ішектердің
аурулары
кездерінде
олардың
микрофлорасының өзгеруі (дисбактериоз)
нәтиже-сінде өт
қышқылдарының ішектен кері сіңірілуі бұзылудан;
♣ бауырда өт қышқылдарының түзілуі азаюынан;
♣
қабынған
өт
қабының
қабырғаларымен
өт
қышқылдарының
артық сіңірілуінен;
♣ бауырда лецитиннің аз түзілуінен - байқалады.
Холестериннің өт ішінде шашырап қалқып жүруін өт
қышқылдары мен лецитин қамтамасыз етеді. Сондықтан өтте
лецитин азаюы холестериннің тұнбаға тұнуына, холестериндік
тастардың құрылуына әкеледі.
Өт жолдарында тас құрылуға қолайлы жағдайлар болып,
жұқпалар дамуы мен өттің іркілуі есептеледі.
Бұл кезде
өттің реакциясы қышқылдық жаққа (ацидозға) ығысады. Осыдан
тұздардың еруі азаяды,
олар тұнбаға ауысады, ыдыраған
жасушалардың нәруыздары ұйыйды. Холестериннен тұратын
тастардан басқа (эритроциттердің гемолизі кезінде) өт
нілдерінен (пигменттік) тұздардан тұратын және күрделі
тастар болады.
Кесек тастар өт жолдарын бітеп, механикалық
сарғыштық дамуына әкеледі, майда
тастар бауыр ішінде өттің
ұзақ тұрып қалуына, билиарлық (өттік) гепатит дамуына
әкеледі.
Достарыңызбен бөлісу: