Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет493/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   489   490   491   492   493   494   495   496   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Механикалық сарғыштану.
Өттің жалпы өзегі сыртынан өспемен қысылып немесе 
ішінен таспен, құрттармен, қою өтпен бітеліп қалғанда өт 
ішекке түспейді, ол өзінің жолдарында іркіліп, оның қысымы 
2,7 кПа (270 мм Н
2
О) астам көтеріледі, өт қылтамырлары 
керіліп, жыртылады. Содан өт қанға тікелей немесе лимфамен 
түседі. Осыдан қанда тура билирубиннің мөлшері көтеріледі, 
адамның терісі мен шырышты қабықтары сарғыштанады; сонымен 
бірге қанда өт қышқылы (қалыпты деңгейі 8-80 мкмоль/л), 
холестериннің мөлшері (қалыпты деңгейі 150-250 мг%) 
көбейеді, зәрмён билирубин және өт қышқылы шығарыла 
бастайды. Сондықтан зәрдің түсі қою қоңыр болады. 
Өт қышқылдарының қанға түсуіне байланысты 
холемиялық 
синдром 
дамиды. Бұл кезде өт қышқылдары: 
● кезбе жүйкенің рецепторлары мен орталығын қоздырады, 
жүректің синустық торабын тежейді, қан тамырларының 
межеқуатын әлсіретеді. Сондықтан артериялық қан қысымы 
төмендейді, брадикардия дамиды
● орталық жүйке жүйесіне уытты әсер етеді. Осыдан 
организмнің жалпы әлсіздігі, қызбалығы, артынан көңіл-
күйдің түнжырауы, түнде ұйқы қашып, күндіз ұйқы басуы, бас 


588
ауыруы және адамның тез қалжырауы байқалады; 
● терідегі сезімтал жүйкелердің аяқшаларын қоздырып, 
қатты қышыну сезімін туындатады
● 
эритроциттердің, 
лейкоциттердің 
ыдырауына, 
қан 
ұюының әлсіреуіне әкеледі; 
● 
түйіскен 
жерінде 
жасуша 
мембраналарының 
өткізгіштігін 
жоғарылатып, 
тіндердің 
бүліністеріне 
әкеледі. Сондықтан өт қышқылдарының тікелей бүліндіргіш 
әсерлерінен 
бауырдың 
біріншілік 
билиарлық 
(өттік) 
гепатиті, 
циррозы 
дамиды. 
Бұл 
кезде 
қанда 
антимитохондриялық антиденелер пайда болады, ІgМ көбейеді. 
Өт тікелей іш қуысына түсуінен іш пердесінің қабынуы 
(перитонит) , ұйқы безіне түсуінен оның жіті қабынуы 
(панкреатит) дамиды. 
Өттің ішекке мүлде түспеуінен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   489   490   491   492   493   494   495   496   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет