583
цистеинмен жұп қосындылар
құру арқылы улы заттар
уытсыздандырылады. Сонымен қатар бауырда уытты заттардың
бейспецификалық микросомалық монооксигеназа жүйесімен
усыздануы. болады. Бұл кезде,
жорамал бойынша, улы зат
бауыр жасушаларының эндоплазмалық торшаларына кіріп, Р
450
цитохромы қатысуымен сутегі иондарын байланыстырады. Содан
суда еритін қоспаларға айналады да, организмнен сыртқа
шығарылады.
Р
450
бауыр
жасушаларының
эндоплазмалық
торшаларының
қабығымен
байланысқан
гемопротеиндерге
жатады. Оның қатысуымен дәрілердің алмасуы кезінде бос
радикалдар пайда болуы мүмкін. Олар,
дер кезінде
бейтарапталмаса,
жасуша
нәруыздарымен
байланысып,
мембраналарында
май
қышқылдарының
асқын
тотығуын
туындатады.
Сондықтан
пайда
болған
бос
радикалдар
цитоплазмадағы
глутатион-S-трансфераза
ферменттерінің
қатысуымен глутатион байланыстырылады. Сонымен бірге,
микросомалық
уридиндифосфатглукуронилтрансфераза
және
цитоплазмадағы сульфотрансфераза ферменттерінің қатысуымен
глюкурон және күкірт қышқылдарымен жұп қосындылар түзеді.
Осы көрсетілген тетіктердін бұзылуы бауырдың уытсыздандыру
қызметінің әлсіреуіне әкеледі. Бұл кезде организмде
аммиак, фенолдар т.б. уытты өнімдер жиналып қалады.
Осыдан
мидың қызметтері бұзылыстарымен сипатталатын организмнің
уыттануы болып, бауырлық кома дамиды. Ол терең жүйкелік-
жандүниелік бұзылыстармен,
тырыспа-селкілдек дамуымен,
шартсыз рефлекстердің жоғалуымен, естен танумен т.б.
организмнің тіршілігіне қауіпті жағдайлармен сипатталады.
Бұл кома бауырдың кезкелген ауруларында,
жиі вирустық
гепатитте,
бауырдың
уланудан
болатын
қауырт
дистрофияларында, оның беріштеніп қалуында (циррозында),
жіті қанайналымы бұзылғанда т.б. жағдайларда дамиды.
Достарыңызбен бөлісу: