586
- сурет. Көз ағының сарғыштануы - сурет.
Тері сарғыштануы
Қандағы негізгі өт нілі болып тура емес билирубин
есептеледі.
Ол
көкбауырдын,
сүйек
кемігінің
т.б.
бірядролық
макрофагтар
жүйелерінде
эритроциттердің
гемолизінен, гемоглобиннің ыдырауынан пайда болады. (-
сурет). Бұл билирубин өте уытты зат және суда ерімейді. Ол
қанға түсіп, плазмадағы
әлбуминмен байланысып, оның уытты
әсері біршама әлсірейді. Қанда бұл билирубинді анықтау
үшін Эрлихтің диазореактивін қосардың алдында,
спирт
қосып, әлбуминнен ажыратып алу қажет. Сол себептен бұл
билирубин, әлбуминмен байланысқан болғандықтан, бүйрек
шумақтары арқылы несепке сүзілмейді. Сондықтан бұл
билирубинді, орыс тіліндегі әдебиеттерде кездесіп жүрген,
«бос билирубин» деп атау шындыққа сәйкес келмейді.
Тура емес билирубин бауыр жасушаларында уридиндифосфат
(УДФ)-
глюкуронилтрансфераза
ферментінің
қатысуымен
глюкурон
қышқылының
бір
немесе
екі
молекуласымен
байланысады. Бұл глюкурон қышқылымен байланысқан билирубин
суда еритін түрге айналады және Эрлихтің диазореактивімен,
тікелей,
спирт қоспай-ақ, қызғылтым түске боялады. Сол
себептен бұл билирубин тура билирубин делінеді және ол
бүйрек шумақтары арқылы сүзіліп, несепке түсе алады. Тура
билирубин бауыр жасушаларымен негізінен өт қылтамырларына
шығарылады. Бірақ оның біразы қан қылтамырларына өтіп,
қанға түседі. Сондықтан
сау адамның қанында жалпы
билирубиннің деңгейі 8-20 мкмоль/л болса, оиың 75%-ына
жуығы тура емес, 25%-ы тура билирубин болады.
Өттің құрамында тура билирубин ұлтабарға түсіп,
ашішектің жоғарғы жақтарында уробилиногенге, тоғышекте -
стеркобилиногенге ауысады. Уробилиноген ашішектен өт
қышқылымен бірге қақпа көктамыры арқылы бауырға түсіп,
онда ыдыратылады. Стеркобилиногеннің
біразы жел ішекте
қайта қанға сіңіріліп, бүйрек арқылы зәрмен уробилиноген
түрінде шығарылады.
587
-
сурет. Билирубиннің алмасуы
Даму жолдарына қарай сарғыштықтың үш түрін ажыратады:
● бауырлық немесе ұлпалық
сарғыштану өт өндірілуі мен
оның ішекке шығарылуының бұзылыстары:
♣ бауыр жасушаларының біріншілік бүліністерінен;
♣ өт ұзақ мерзім бауырда жиналып тұрып қалуынан;
♣ өт өндірілуіне қажетті ферменттердің гендік
ақауларынан - дамиды;
● механикалық немесе бауыр астылық сарғьпптану:
♣ жалпы өт өзегі ішінен бітеліп қалуынан;
♣ ол сыртынан
қысылып қалуынан - дамиды;
● гемолиздік немесе бауыр үстілік сарғыштану -
эритроциттердің артық ыдырауынан өт нілдерінң түзілуі
көбеюден - дамиды.
Достарыңызбен бөлісу: