Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет500/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   496   497   498   499   500   501   502   503   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Тәбеттің бұзылыстары.
Тәбет қарын ашу сезімінен ерекше сезім. Ол адамның 
белгілі 
тамаққа 
аңсары 
аууы. 
Тәбет 
ашылуы 
тамақ 
қабылдаудың бірінші минөттерінде, әсіресе күткен тағамның 
иісіне, түріне, тамақ қабылдайтын қоршаған ортаның 
әшекейлену жағдайларына пайда болады. Тәбет ашылуы ас 
қорыту жолдарының сөл өндіру және қимылдық әрекеттерін 
сергітеді. 
Тәбеттің бұзылыстары гиперорексия, гипорексия немесе 
анорексия, парорексия түрлерінде болуы мүмкін: 
● тәбеттің көтерілуін 
гиперорексия
деп атайды (грек. 
hyper - жоғары, көтеріңкі, orexis - тәбет). Осыдан адам 
мен жануарлардың ашқарақтығы немесе полифагия (грек. poly 
- көп, phagein - жеу) пайда болады. Тәбет көтерілуінің ең 
ауыр түрін булемия (bus - өгіз, limos - аштық) немесе 
мешкейлік 
деп 
атайды. 
Тәбеттің 
көтерілуі 
мидың, 
эндокриндік бездердің аурулары (невроздар, тиреотоксикоз, 
қантты диабет, инсулинома т.б.) кездерінде, асқазанның 
жүрек жақ бөлігін хирургиялық тәсілмен отап тастағанда 
байқалады. Тамақты көп қабылдаудың нәтижесінде дененің 
семіруі, 
осыдан 
қантты 
диабет, 
атеросклероз, 
зат 
алмасуларының бұзылыстары, артериялық гипертензия дамуына 
қолайлы жағдайлар пайда болады. 
● тәбеттің азаюын немесе болмауын 
гипорексия
немесе 
анорексия
(грек. an - жоқ, жоққа шығару, orexis - тәбет) 
деп атайды. 
Тәбеттің азаюы немесе оның болмауы: 
♣ ас қорыту жолдарының қабынуларында; 
♣ тәннің уыттануына және дене қызуы көтерілуіне 
әкелетін көптеген жұқпалы аурулар кездерінде
♣ дене ағзаларына өспе дамығанда; 


595
♣ 
кейбір 
эндокриндік 
бездердің 
ауруларында 
байқалады. 
Сонымен қатар ми қызметтерінің бұзылыстары, жағымсыз 
көңіл-күйлер тәбеттің төмендеуін туындатады. Ұзақ уақыт 
тәбетгің болмауы адамның жүдеуіне, зат алмасуларының 
бұзылыстарына әкеледі. Осы көрсетілгендерге байланысты 
анорексияның бірнеше түрлерін ажыратады: 
♣ уытты анорексия - созылмалы жұқпалы аурулар 
кездерінде (туберкулез т.б.), қатерлі өспе ауруларында 
және химиялық заттармен тәннің уыттануларынан дамиды; 
♣ диспепсиялық анорексия - ас қорыту жолдарының 
аурулары кездерінде олардың сөлдері аз бөлінуінен болады; 
♣ психогендік анорексия - жағымсыз эмоциялар мен жан 
жарақаттары мен күйзелістері, ауыр қайғы-қасіреттер, 
әйелдердің 
семіріп 
кетуден 
қорқыныш 
сезімі 
т.б. 
жа5дайлардан дамиды; 
♣ нервтік рефлекстік анорексия - қатты ауыру сезімі, 
жиіркенішті тамақтың иісі т.с.с кездерде байқалады. 
● бұрмаланған тәбет - 
парорексия
(грек. para - 
ауытқыған, orexis - тәбет) делінеді. Бұл кезде адам жеуге 
жарамайтын заттарды (бор, топырақ, көмір т. с. с.) жейді. 
Парорексия дәмдік талдағыштардың орталық және шеткері 
бөліктерінің, кейде уақытша, бүліністерінен дамиды. Сол 
себептен кейбір есі ауысқан адамдар, тәнінде темірдің 
тапшылығы бар әйелдер, жас балалар бор, үйдің әгін жейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   496   497   498   499   500   501   502   503   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет