Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Өңештің тұтасып жиырылып қалуы



Pdf көрінісі
бет508/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   504   505   506   507   508   509   510   511   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Өңештің тұтасып жиырылып қалуы 
оның денесінің жиырылып 
қалуымен көрінеді. Оның дамуында да тегіс салалы ет 
талшықтарының 
тежегіш 
нейрондармен 
реттелуі 
жоғалуы 
маңызды орын алады. Бірақ бұл кезде өңештің төменгі 
қыспағының қызметі қалыпты жағдайда сақталады. Осыдан 
кеуде қуысында қатты ауыру сезімі пайда болады. Бұл ауыру 
сезімі жүрек қыспасы кездеріндегі ауыру сезіміне ұқсас 
болады. Содан бұл дертті жүректің ишемиялық ауруымен, 
миокард инфарктымен жиі шатастырады. 
Склеродермия
коллагеноздарға жатады. Бұл ауру кезінде 
терінің және ішкі ағзалардың бүліністері байқалады. 
Солардың ішінде асқорыту жолдарында өңеш жиі бүлінеді. 
Оның тегіс салалы ет қабаты және төменгі қыспағы дәнекер 


603
тіндерінен тұратын талшықтарға ауысып кетеді. Содан 
өңештің толқи жиырылу қабілеті біртіндеп жоғалады, төменгі 
қыспағында қысым төмендейді. Осыдан жұтыну бұзылады, 
асқазаннан қышқыл өнімдер өңешке кері лықсиды, үдемелі 
эзофагит дамиды. Кейде өңештің тарылуы болып, оның шырышты 
қабығы жасушаларының ішектер мен асқазан жасушаларына 
қарай метаплазиясы болады. Оны 
Барретт өңеші
дейді.Бұл 
кезде тіпті өңештің аденокарциномасы дамуы ықтимал. 
Солармен қатар, өңештің тарылуы: 
● оның күйіп қалуынан (сірке қышқылымен т.б.); 
● эпителий жасушаларында өспе дамуынан (қылтамақ); 
● өңеш сыртынан (көкірек орталығында орналасқан 
өспемен немесе қолқаның керіліп кетуімен) қысылып қалуынан 
- байқалады. 
Өңешпен тағам өтуінің бұзылыстары оның қабырғасының 
кейбір 
жерлерінің 
сыртына 
бұртиып 
керіліп 
кетуі 
(дивертикуласы) кезінде де болады. Бұл бүйірқалтасында 
тағам тұрып қалып, іріп-шіруі ықтимал. Оның қабырғасы ары 
қарай керіліп, жұқарып, жыртылып кетуі мүмкін. Осыдан 
көкірек орталығына қан құйылу, микробтар өтіп, ауыр 
іріңді қабынулар даму мүмкіншіліктері пайда болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   504   505   506   507   508   509   510   511   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет