Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет516/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   512   513   514   515   516   517   518   519   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

стеаторея
(лат. stear, atos - май, rheo - ағу) дейді. 
Ішекте сіңірілмеген май тағамдық заттарды қоршап алып, 
оларға 
протеолиздік 
және 
амилолиздік 
ферменттердің 
әсерлерін әлсіретеді. 
Сонымен қатар, өт ішекке түспеуінен немесе аз түсуінен 


617
көрсетілген ферменттердің белсенділігі азаяды. Өйткені 
қалыпты жағдайда өт асқазаннан түскен қышқыл тағамды 
бейтараптап, ферменттердің әсер етуіне қолайлы жағдай 
туындатады. 
Өт ішекке түспеуінен ішектердің қимылдық әрекеттері 
бұзылады, іш қатып, дәрет жүрмейді. Осыдан өтгің 
бактерияларды жоятын әсері болмағандықтан ішек ішінде 
тағамдық заттардың ашып кетуі, іріп-шіруі көбейеді. 
Ішектерде газдар жиналып, іш кебу (метеоризм) дамиды. 
Артынан іш өтулері болады. 
Сонымен қатар, майлардың сіңірілмеуі нәтижесінде майда 
еритін витаминдер де сіңірілмейді. Сондықтан А, Е, К, Д 
витаминдерінің жеткіліксіздігі дамиды. 
Көрсетілген құбылыстар ахолия кезінде өте айқын, ал 
гипохолия кезінде біршама аз болуы мүмкін. 
Тағамның 
қуыстық 
ыдыратылуының 
қатты 
бүліністері 
ішекке ұйқы безінің сөлі түсуі бұзылғанда байқалады. Ұйқы 
безі сөлінде көптеген ас қорыту ферменттері болады. Ол 
ферменттердің басымы протеолиздік ферменттерге (трипсин, 
химотрипсин, эластаза, карбоксипептидаза, РНК-аза, ДНК-
аза, калликреин т.с.с.) жатады. Сонымен бірге онда 
көмірсуларын 
ыдырататын 
α-амилаза, 
майлардың 
және 
фосфолипидтердің ыдыратылуын қамтамасыз ететін липаза
фосфолипаза т.б. болады. 
Бұл ферменттердің көпшілігі ұйқы безінен ішекке 
әсерсіз түрлерінде түседі. Ұйқы безінің сөл бөліп шығаруы 
және 
ондағы 
ферменттердің 
белсенділігі 
ішектерде 
өндірілетін 
пептидтік 
гормондармен 
(секретин, 
холецистокинин, 
химоденин, 
энтерокиназа 
т.с.с.) 
реттелінеді. Мәселен, ішек сөлінің ферменті энтерокиназа 
ұйқы безінің трипсиногенін әсерлеп, трипсинге ауыстырады. 
Трипсин басқа протеолиздік ферменттер мен фосфолипаза А 
ферментін әсерлендіреді. 
Ұйқыбез сөлі өндіріліп шығарылуының бұзылыстары мына 
жағдайларда байқалады: 
● ұйқы безінің жіті және созылмалы қабынуларында 
(панкреатиттерде); 
● ұйқыбездің некрозында; 
ұйқы безінде өспе дамығанда
● ұлтабардың қабынуы (дуоденит) кезінде; 
● ұйқы безінің өзегі тарылып, бітеліп қалуында немесе 
сыртынан өспемен қысылып қалғанында; 
● ұтабарда ұйқы безінің сөл бөлуін реттейтін пептидтік 
гормондардың өндірілуі бұзылғанда. 
Үйқы 
безінің 
сөлі 
ішекке 
түспегенде 
липазаның 
болмауынан тағаммен түскен майлардың 60-80%-ы қорытылмай 


618
үлкен дәретпен шығарылады. Протеолиздік ферменттердің 
жеткіліксіздігінен 
нәруыздық 
заттардың, 
нуклеин 
қышқылдарының 
ыдыратылуы 
бұзылады. 
Амилолиздік 
ферменттердің 
жетіспеуінен 
көмірсуларының 
ыдыратылуы 
бүлінеді. Осылардың нәтижесінде ас қорыту жеткіліксіздігі 
дамиды. 
Ұйқыбездің 
және 
оның 
сөл 
шығаратын 
өзектерінің 
тұтастығы 
бұзылганда 
оның 
ферменттері 
айналасындағы 
тіндерге өтіп, олардың некроздарына әкеледі. Протеолиздік 
ферменттер қанға түскенде артериалық қысым қатты төмендеп
коллапс дамуы ықтимал. Бұл жиі ұйқыбездің жіті қабынуында 
(панкреатит) байқалады және адамның өліміне әкелуі мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   512   513   514   515   516   517   518   519   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет