Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Асқазан мен ұлтабардың ойық жара ауруы



Pdf көрінісі
бет513/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   509   510   511   512   513   514   515   516   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Асқазан мен ұлтабардың ойық жара ауруы.
Бұл ауру асқазан мен ұлтабардың шырышты қабықтарында 
баяу дамитын ақаулардың пайда болуымен сипатталады. 
Ол көптеген асқынуларға әкелуі мүмкін. Солардың 
ішінде: 
● ойық жараның жиі қанауы; 
● көрші ағзаларға жарып өтуі (пенетрациясы); 
● тесіліп кетуі (перфорациясы); 
● обыр өспесіне айналуы организм үшін өте қауіпті. 
Сонымен бірге, асқазан мен ұлтабардың ойық жара ауруы 
жиі анемия дамуына әкеледі. 
Ұлтабардың ойық жара ауруы асқазанның ойық жарасынан 
үш есе жиі кездеседі және 35 жасқа дейінгі жастарда 
байқалады
Этиологиясы. 
Асқазан мен ұлтабарда ойық жара пайда 
болуында тұқым қуалаушылыққа бейімділіктің маңызы бар. 
Ұлтабардың ойық жарасы «О» қан тобы бар адамдарда, 
асқазанның ойық жарасы «А» қан тобы бар адамдарда жиірек 
кездеседі. 
Бүгінгі күні асқазанның, әсіресе ұлтабардың, ойық жара 
ауруы пайда болуында Не ІісоЬасter pylori аталған микробқа 
маңызды орын беріледі. Ол ұлтабардыи ойық жарасынан 95-
100% жағдайда, асқазанның ойық жарасынан 70% жағдайда 
табылады. 
Сонымен қатар, бұл ауру пайда болуында әртүрлі жиі 
қайталанатын ауыртпалықтардың (стрестік жағдайлардың, жан-
дүниелік күйзелістерінің, жағымсыз көңіл-күйлердің) маңызы 
бар. Мәселен, тәжірибелік жануарларды қатты тартып 
тақтайға байлап тастағанда (иммобилизациялық стресс), 
электр 
ағымымен 
ауыртып 
соққанда 
т.с.с. 
стрестік 
жағдайлармен әсер еткенде асказанда жара дамитыны белгілі. 
Патогенезі. 
Бұл аурудың патогенезінде асқазан мен 
ұлтабарға әсер ететін бүліндіргіш және қорғаныстық 
ықпалдардың арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуы маңызды. 


611
Жағымсыз 
эмоциялардың 
т.б. 
стрестік 
жағдайлардың 
әсерлерінен организмде стресс дамытатын адренергиялық 
жүйенің белсенділігі артады. Бұл кезде аденогипофизбен 
кортикотропиннің, бүйрек үсті бездерінің сыртқы қабатымен 
глюкокортикоидтық 
гормондардың 
өндірілуі 
көбейеді. 
Эксперименттік 
иттерде 
өткізілген 
тәжірибелерде 
осы 
гормондарды енгізудің нәтижесінде асқазан сөлінің шығуы 
және оның қышқылдығы ұлғаятыны, онда қорғаныстық қызмет 
атқаратын шырыштың азаятыны көрсетілді. Осы гормондармен 
ұзақ емделген науқастардың асқазаны мен ұлтабарында ойық 
жара ауруының асқынуы және жиі жаңа жаралар пайда болатыны 
белгілі. Қазіргі күні стрестік жағдайлардың нәтижесінде 
асқазан 
мен 
ұлтабардың 
жасуша 
мембраналарында 
май 
қышқылдарының асқын тотығуы, фосфолипаза ферментінің 
белсенділігі 
қатты 
көтерілуі, 
биомембраналардың 
бүліністеріне 
әкелетіні 
белгілі. 
Лизосомалардың 
мембраналары бүлінуі нәтижесінде протеолиздік гидролазалар 
(қышқыл фосфатаза, ДНК-аза, РНК-аза, катепсин Д т.б.), 
лаброциттердің мембраналары бүлінуіне байланысты қабыну 
медиаторлары (гистамин, серотонин т.б.) босап шығады. 
Осылардың әсерлерінен асқазан мен ұлтабардың шырышты 
қабықтары жасушаларының құрылымдық бұзылыстары пайда 
болады. 
Сонымен бірге, глюқокортикоидтық гормондардың және 
катехоламиндердің 
әсерлерінен 
артериалық 
тамырлардың 
жиырылуы болатыны белгілі. Осыдан асқазан мен ұлтабардың 
шырышты қабықтарының қанмен қамтамасыз етілуі бұзылады. 
Осыдан асқазан мен ұлтабарда жаралардың жиі пайда болуы 
байқалады. 
Шын мөнінде, ас қорыту жолдарында жаралар, әртүрлі 
жарақаттар пайда болып және тез жазылып тұрады. Өйткені 
асқазан мен ұлтабардың шырышты қабықтарының бүліністен 
кейінгі қалпына келу мүмкіншіліктері (регенерациялық 
қабілеті) 
өте 
жоғары 
болады. 
Қазіргі 
гистоавторадиографиялық тәсілдермен асқазанның шырышты 
қабықтарының жасушалары 2-3 күнде жаңарып тұратыны 
дәлелденді. 
Осыған 
байланысты 
анда-санда 
кездесетін 
стрестер кездеріндегі пайда болған жаралар тез бітіп 
кетеді. 
Сайып 
келгенде, 
жан 
күйзелістері 
т.б. 
стрестік 
жағдайлар қазіргі адамдардың тіршілігінде кең тараған 
гиподинамиямен қабаттасып, асқазанның жергілікті жаңартылу 
мүмкіншіліктерін төмендетіп, асқазан мен ұлтабардың ойық 
жара ауруына әкелуі мүмкін. 
Бұл аурудың даму жолдарында, көрсетілгендерден басқа, 
жергілікті тіннің төзімділігін төмендететін бүліністік 


612
және 
оны 
арттыратын 
қорғаныстық 
ықпалдардың 
өзара 
қатынастары бұзылуы маңызды орын алады. Асқазан мен 
ұлтабардың шырышты қабығын бүліндіретін ықпалдарға: 
● He licobacter pylori болуы; 
● асқазан сөлінің қышқылдығы мен қорыту қабілетінің 
көтерілуі; 
● асқазанның шырышты қабығын қышқылдан қорғайтын шырыш 
тосқауылының бұзылуы; 
● асқазан мен ұлтабар қабырғаларының қанмен қамтамасыз 
етілуі бұзылуы; 
● 
ас 
қорыту 
жолдарының 
регенерациялық 
қабілеті 
төмендеуі; 
● 
асқазан 
мен 
ұлтабар 
тіндеріне 
аутоиммундық 
серпілістер дамуы – жатады. 
He licobacter pylori уреаза, липополиқанттар және 
цитотоксин 
т.б.өндіреді.Олар 
асқазан 
мен 
ұлтабардың 
кілегей 
қабығында 
қабыну 
дамытады. 
Содан 
қабыну 
медиаторлары босап шығады. Қабыну ошағына лейкоциттердің 
тамырдан шығуы болып, олар фагоцитоздық қызмет атқарады. 
Бұл кезде еркін радикалды тотығу артып, оттегінің бос 
радикалдары 
жиналады. 
Бұлар 
эпителий 
жасушаларының 
мембраналарын 
бүліндіреді. 
Сонымен 
бірге, 
қабыну 
медиаторларының әсерлерінен G-жасушаларының белсенділігі 
артып, 
гастрин 
артық 
өндіріледі. 
Гастрин 
іргелік 
жасушаларда 
тұз 
қышқылы 
өндірілуін 
көбейтіп, 
гиперхлоргидрия дамытады. Осыдан асқазан мен ұлтабарда 
ойық жара дамиды, асқазанның қабынуы одан сайын үдейді, 
кейде онда обыр өспесі өсуі ықтимал. 
Асқазан мен ұлтабардың ойық жара ауруының даму жолында 
қарын сөлінде тұз қышқылының көбеюі мен пепсиннің 
белсенділігі 
артуының 
маңыздылығына 
мына 
дәлелдерді 
келтіруге болады: 
♣ тәжірибелік жануарларда асқазанның сөл шығаруын 
және 
қышқылдығын 
көтеруге 
әкелетін 
дәрі-дәрмектерді 
(пентагастрин, гистамин, резерпин т.б.) енгізу немесе 
кезбе жүйкені ұзақ қоздыру арқылы асқазан мен ұлтабардың 
жарасын алуға болады; 
Асқазан сөлінде тұз қышқылының көбеюі кезбе жүйкені 
артық қоздырғанда, бомбезин тәрізді пептид пен гастриннің 
артық өндірілгеніненде байқалады. Сондықтан асқазан мен 
ұлтабардың ойық жара ауруын емдеу үшін холинергиялық 
рецепторларды дәрі-дәрмектермен (холиндік тежегіштермен) 
тежеу, кейде хирургаялық оташылық жасап, асқазанға келетін 
кезбе жүйкенің тармақтарын кесу кеңінен қолданылады; 
♣ асқазанда гастриннің артық өндірілуіне әкелетін 
гастринома өспесі (Золлингер-Эллисон синдромы, 1955) 


613
кезінде тұз қышқылының өндірілуі көбейіп, пептикалық ойық 
жара жиі дамиды; 
♣ ойық жара ұлтабар мен қарынның ұлтабарға ауысуына 
жақын жерлерінде орналасқанында көптеген науқас адамдарда 
асқазан сөлінің қышқылдығы және қорыту қабілеті жоғары 
болады. Бұл ойық жара даму жолында пепсиннің белсенділігі 
көтерілуінің маңызын көрсетеді; 
♣ хирургиялық оташылық тәсілдермен (асқазанның 
ұлтабарға ауысатын жерін байлап тастау немесе тарылту, 
ұйқы безінің сөлі мен өттің түсу орнын ішектердің төменгі 
бөліктеріне ауыстыру т.б.) ас қорыту сөлдерінің табиғи ағу 
жолдарын бұзғанда жануарларда асқазан сөлінің шығуы, оның 
қышқылдығы мен қорыту қабілеті көтеріліп, қарында жиі ойық 
жаралар пайда болады. 
Бұл келтірілгендер асқазан мен ұлтабарда ойық жара 
дамуында асқазан сөлінің қышқылдығы мен оның қорыту 
қабілеті көтерілуінің маныздылығын көрсетеді. Шын мәнінде 
қышқыл болмаса ойық жарада болмайды (Шварц). 
Асқазанның кілегей қабығын жауып тұратын шырыш үлкен 
қорғаныстық қызмет атқарады. Жануарлардың асқазанына 
салицилаттарды, өт т.с.с. заттарды енгізу арқылы осы 
шырыштық тосқауылды бұзып, простагландиндер Е түзілуін 
тежеп, жаралардың пайда болуын байқауға болады. 
Ас 
қорыту 
жолдарының 
регенерациялық 
қабілеті 
жеткілікті болу үшін организмде ДНК-, РНК-, нәруыздардың 
түзілуі қалыпты деңгейде сақталуы қажет. Сондықтан ойық 
жара ауруының дамуы үшін нәруыздар түзілуінің төмендеуі 
маңызды орын алады. Мына жағдайларда: 
♣ май қышқылдарының гидроасқын тотықтары және 
глюкокортикоидтық 
гормондар 
жасуша 
ядросының 
хроматиндеріне әсер етіп, нәруыздар түзілуін тежейді; 
♣ ұзақ гиподинамияның нәтижесінде бұлшықеттердің 
әлсіреуінен организмде ДНК, РНК, нәруыздар түзілуі азаяды; 
♣ 
ұзақ 
гиподинамияның 
нәтижесінде 
құрсақ 
бұлшықеттерінің тынысқа қатыспауынан, көкеттің тыныс алу 
кезінде 
аз 
тербелістерінен 
асқазан 
мен 
ішектерде 
микроциркуляциялық қанайналым азаяды. Сондықтан олардың 
қоректік заттармен, оттегімен қамтамасыз етілуі бұзылуы, 
дистрофиялық, бүліністік өзгерістерге әкелуі мүмкін. Бұл 
да нәруыздар түзілуі бұзылуының бір себебі бола алады. 
Сонымен бірге, асқазан мен ұлтабар жасушаларына 
аутоантиденелердің пайда болуы, аутоиммундық серпілістерге 
әкеліп, оларда жаралардың дамуын қамтамасыз етуі ықтимал. 
Осы 
келтірілген 
бүліністік 
ықпалдармен 
қатар 
асқазанның кілегей қабығын қорғайтын қорғаныстық ықпалдар 
болады. Оларға: 


614
● оның үстінгі бетін жауып тұратын және сутегі 
иондарынан оқшаулайтын, құрамында гидрокарбонат аниондары 
бар, шырышты тосқауылдың тұтастығы; 
● простагландиндер Е
1
және Е

жеткілікті түзілуі; 
● асқын тотықтарды бейтараптайтын антиоксиданттық 
жүйенің қалыпты болуы; 
● ас қорыту жолдарының репарациялық қабілетінің жақсы 
болуы; 
● асқазан мен ұлтабардың қанмен жеткілікті қамтамасыз 
етілуі – жатады. 
Егеуқүйрықтарға 
Е
1
және 
Е
2
простагландиндерді 
енгізгенде оларда ойық жара дамымайтыны байқалды. 
Простагландиндердің әсерінен: 
♣ асқазаның қан тамырлары кеңіп, оның қоректенуі 
жақсартады; 
♣ лаброциттердің түйіршіксізденуі азаяды; 
♣ іргелік жасушалардың қызметі төмендеп, тұз қышқылы 
өндірілуі азаяды; 
♣ шырыш пен бикарбонат анионы өндіріліп шығарылуы 
артады; 
♣ жасушалардың өсіп-өнуі жақсарады. 
Асқазанның 
өзіндегі 
қорғаныстық 
тетіктерге 
антиоксиданттық 
ферменттердің 
(супероксиддисмутаза, 
каталаза, глютатионпероксидаза т.с.с.) түзілуі жатады. 
Эпителий жасушаларының жоғары регенерациялық қабілеті 
асқазан мен ұлтабардың қабырғаларында микроциркуляцияның 
қалыпты 
болуынан, 
простагландиндердің 
әсерінен, 
эпидермистің, α-трансформациялық т.с.с. өсу факторларының 
әсерлерінен байланысты болады. Эстрогендер мен секретин 
асқазан мен ұлтабардың ойық жара ауруы дамуын тежейді. 
Сайып келгенде, ойық жара ауруы дамуы үшін асқазан 
сөлінің қышқылдығы жоғарылауынан оның өзін-өзі қорыту 
қабілеті көтерілуімен қатар, осы көрсетілген жергілікті 
қорғаныстық тетіктердің жеткіліксіздігі болуы қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   509   510   511   512   513   514   515   516   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет