606
Асқазанда
тұз
қышқылы
өндірілуін
гистамин
де
арттырады. Ол Н
2
-рецепторлар арқылы жасуша ішінде цАМФ
түзілуін арттырып, әсер етеді.
Асқазанның секрециялық қызметін реттеуге қатысатын
ішектік факторларға холецистокинин, қарынның секрециясын
бәсеңсітетін полипептид (ҚБП), секретин, қан тамырларына
белсенді
әсер
ететін
ішектік
полипептид
жатады.
Холецистокинин ашішектің шырышты қабығында түзіледі. Ол
химиялық құрылымы бойынша гастринге үқсас болады және
қарынның сөлденістк қызметін сергітеді.
Қарынның сөл өндіріп шығаруын бәсеңсітетін полипептид
(ҚБП) ұлтабардың шырышты қабығында өндіріледі. Ол тұз
қышқылы өндірілуін және қарынның қимылдық әрекеттерін
тежейді. Оның өндірілуі ашішекке түскен глюкоза мен
үшглицеридтердің әсерінен болады.
Секретин,
калликреин,
гастрон,
урогастрон,
вазобелсенді ішектік полипептид қарынның сөл бөлуін
әлсіретеді.
Қалыпты жағдайда қарын тәулігіне 2 литр шамасында сөл
шығарады. Қарынның сөл шығару қабілетін аш қарынға және
гистамин, пентагастрин егіп немесе асқазанға жылы 300 мл
су (шай) енгізіп, белгілі функциялық жүктеме бергеннен
кейін зерттейді. Аш қарында асқазан сағатына 30-дан 150 мл
(орта есеппен 60±25 мл) сөл шығарады. Онда тұз қышқылының
жалпы мөлшері 45±15 мМ/л, дебиті -3±2,5 мМ/сағатына
болады. Жүктемеден кейін сөлдің жалпы мөлшері 200±55
мл/сағ., тұз қыщқылы 100±15 мМ/л, оның дебиті 20±4
мл/сағ.-дейін көбейеді.
Асқазанның көп сөл бөлуін гиперсекреция, аз сөл бөлуін
гипосекреция деп атайды. Сөл бөлуінің өзгерістері оның
қышқылдығы мен ферменттік белсенділігінің өзгерістерімен
қабаттасады.
Асқазан
сөлінің
қышқылдығы
жоғарылауын
гиперацидтік жағдай немесе
Достарыңызбен бөлісу: