601
Май
қышқылдарының
гидроасқын
тотықтары
жасуша
ядроларындағы гендік құралдардың бұзылуына, ДНК-, РНК-,
нәруыз түзілуі азаюына әкеледі.
Осыдан тіс ұяшықтарында
остеобластардың,
периодонт,
қызыл
иек
тіндері
жасушаларының өсіп-өнуі тежеледі, олардың кері сорылуы,
атрофиясы дамиды да, тістердің түбірі ашылады,
олардың
жақтарда бекуі әлсірейді.
Сонымен бірге, пародонт жасушаларының бүліністері
нәтижесінде жасуша ішіндегі нәруыздардың қанға түсуінен
және иммундық жүйемен түйісуінен оларға аутоантиденелер
мен
сезімталдығы
көтерілген
Т-лимфоциттер
өндірілуі
мүмкін. Осыдан баяу дамитын жоғары сезімталдық дамып,
аутоиммундық үрдістерге әкелуі ықтимал.
Пародонтит
дамуында
жан
жарақаттары
мен
күйзелістерінің және басқа стрестік ауыртпалықтардың
маңызына жиі назар аударады.
Олардың әсер ету жолдары да
осы май қышқылдарының асқын тотығуымен және фосфолипаза,
протеаза ферменттерінің артық әсерленулеріне байланысты
дамиды.
Достарыңызбен бөлісу: