Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет503/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   499   500   501   502   503   504   505   506   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Гиперсаливация
Бүлінген тістерден, ауыз қуысының 
кілегей қабықтарынан, ас қорыту ағзаларынан жүйкелік 
серпіндер түсіп сілекей бездерінің қызметін көтереді. Бұл 
бездер парасимпатикалық жүйкелермен реттелінеді. 
Осыдан сілекейдің көп бөлінуі: 
● ауыз қуысы кілегей қабықтарының қабынуларында 
(стоматит, гангивит), тістің және оны қоршаған тіндердің 
бүліністерінде (пульпит, периодонтит, тісті қажау кезінде 
т.б.); 
● ас қорыту ағзаларының дерттерінде, құсу, жүрек айну 
кездерінде; 
● жүкті әйелдердің уыттануларында; 
● 
парасимпатикалық 
жүйкелерді 
қоздыратын 
дәрі-
дәрмектер (пилокарпин, физостигмин) қабылдағанда т.б. 
жағдайларда - байқалады. 
Гиперсаливация кезінде ересек адамда тәулігіне 8-14 
литр сілекей бөлінеді. Көп сілекей асқазан сөлін 
бейтараптап, онда ас қорытылудың бұзылыстарын туындатады. 
Сонымен қатар, гиперсаливация, көп мөлшерде сілекеймен 
судың 
жоғалуына, 
организмнің 
сусыздануына 
әкеледі. 
Балаларда барлық сілекей жұтылмай, сыртқа ағады. Осыдан 
төменгі еріннің сыртында терінің базданып қабынуы дамиды. 
Сонымен бірге сілекей жоғарғы тыныс жолдарына түсіп, 
олардың қабынуына әкелуі мүмкін. 
Гипосаливация -
сілкейдіқ аз бөлінуі. Ол мына 
жағдайларда: 
сілекей бездерінің өспемен, қабыну үрдістерімен 
(сиаладенит, паротит) бүліністерінде; 
● 
олардын 
өзектерінде 
тас 
түрып 
қалғанда 
(сиалолитиаз); 
● дене қызымы көтерілгенде; 
● дене сусыздануында; 
● парасимпатикалық жүйкелердің әсерін тежейтін дәрі-
дәрмектер {атропин, скопаламин) қабылдағанда - байқалады. 
Сілекейдің аз бөлінуімен бірге ас қорыту жолдарының сөл 
шығаруы, көз жасы азаюымен, жүрекқапта, өкпеқап қуысында
жоғарғы тыныс жолдарында, буындарда құрғақтық дамуымен 
қабаттасатын дертті 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   499   500   501   502   503   504   505   506   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет