599
түсетін жүктемелерді азайтса, температуралық өңделуі, оның
көптеген
бөлшектерінен
(минералдық
заттардан,
фтор,
кальций, амин қышқылдарынан, витаминдерден) айырылуына
әкеледі.
Сонымен қатар, тағамда жабысқақ көмірсуларының
артық болуы тістерде таңдақтардың пайда болуына және
оларда микроорганизмдердің жиналып, өсіп-өнуіне қолайлы
жағдай туындатады. Осы көрсетілгендермен
бірге тіс жегісі
дамуында қазіргі адамдардың жалпы гиподинамиясы мен шайнау
бұлшықеттерінің аз күш-қуат жұмсауының маңызы үлкен.
Осыдан тіс жегісі дамуы жиілейді. Бұл айтылғандар ғылыми
тәжірибелерде
дәлелденген.
Мәселен,
көмірсулары
көп
заттармен
қоректендіру
арқылы
егеуқүйрықтарда
және
атжалмандарда тіс жегісінің дамуы жиілейтіндігі байқалды.
Кариестің патогенезінде кіреукенің тамақпен жанасатын
және сілекеймен шайылатын сырттарында пайда болатын
үрдістерге
маңызды
орын
беріледі.
Сілекей
тістің
кіреукесін
тазалайды, қышқылдық-сілтілік үйлесімділікті
теңгеретін (буферлік) және микробтарға қарсы әсер етеді,
тістерге тұздардың жиналуына (реминерализациясына) қолайлы
жағдай жасайды. Ауыз қуысында сілекейдің азаюы тіс
кіреукесінің сыртында таңдақтардың пайда болуына әкеледі.
Оның
құрамында
глюкозадан
өндірілген
жабысқақ
полигликандар болады. Ал, олар микробтардың қоректенуіне
және өсіп-өнуіне таптырмайтын қолайлы жағдай болып келеді.
Бұл
микрорганизмдер
тағам
қалдықтарын
ыдыратып,
кіреукедегі минералдық тұздарды ерітетін органикалық
қышқылдарды құрады, ауыз қуысында ацидоз дамытады.
Сондықтан жануарларда сілекей
бездерін сылып тастағанда,
ауыз
қуысы
құрғақтанып,
тіс
жегісі
жиі
дамиды.
Микрорганизмдердің әсерлерінен нәруыздардың ыдырауынан
кальцийді байланыстыратын затгар пайда болады. Олар
кіреуке
мен
дентин
құрамындағы
гидроксиапатит
кристалдарынан кальцийді шығарып, байланыстырады. Содан
тістердің деминерализациясы болады.
Тіс
жегісінің
патогенезінде
жүйкелік-нәрленістік
әсерлердің маңызы бар. Әдетте тіс ұлпасының сыртқы
қабатының
жасушалары
(одонтобластар)
тістің
қатты
тіндерінің
қоректенуін
қамтамасыз
етеді.
Ал,
осы
одонтобластардың дистрофиясы
нәтижесінде тістің қатты
тіндерінің (кіреуке, дентин) қоректенуі бұзылады.
Кеміргіш жануарларда ұдайы өсетін күрек тістерінің
қайта-қайта мұжылуы рефлекстік түрде сілекей бездерінің
гипертрофиясын туындатады. Осыдан оларда сілекейдің көп
шығарылуы тіс жегісі дамуынан сақтандырып,
тістердің өсуін
тездететіні белгілі болды.
Осыған
байланысты
қазіргі
адамдардың
шайнау
600
бұлшықеттеріне күш түсуінің төмендуі және тістердің
мұжылуы азаюы кариес дамуының қарқынын күшейтеді деуге
болады. Сонымен қатар, тіс жегісіне тұрақтылыққа тұқым
қуалаушылыққа бейімділіктің маңызы болуы ықтимал.
Достарыңызбен бөлісу: