596
кезіндегі
қызыл
иек
қалталарының
микроорганизмдері,
тонзиллит
кезіндегідей,
организмнің
микробтарға
сезімталдығын көтереді. Содан
тіпті ауыз қуысы тіндерінен
микробтардың қанға шабуынан сепсис дамуы мүмкін.
Сонымен қатар, ауыз қуысына сілекеймен және қаннан
шыққан лейкоциттерден босаған көптеген қорғаныстық заттар
түседі. Олардың арасында бактерияларға қарсы ферменттер:
лизоцим, РНК-аза, ДНК-аза, пероксидаза т.б. болады.
Сілекейдің
сөлденістік
иммундық
глобулиндері
де
қорғаныстық қызмет атқарады.
Ауыз қуысына минөтіне 250000-ға
дейін лейкоциттер,
негізінен нейтрофилдер, қан тамырларынан шығады. Олар
қызыл иек қалталарында орналасады. Тіс түскеннен кейін
қызыл иек қалталарының жоғалуына байланысты лейкоциттердің
қан тамырларынан шығуы кенет төмендейді.
Ауыз қуысында
тағамның толық шайналып, ұнтақталмауынан
өңештің,
қарынның
жаралануы,
асқазан
мен
ұлтабар
сөлдерінің
бөлінуі
азаюы,
асқазанның
қимылдық
әрекеттерінің әлсіреуі байқалады. Ұнтақталмаған тағамның
кесек бөлшектері
асқазанда тез ыдыратылмай, ұзақ сақталып
қалады
және
оның
шырышты
қабығының
бүліністерін
туындатады.
Достарыңызбен бөлісу: