593
фактор болып қақпа көктамырында қан іркілуі есептеледі.
Бұл
кезде
икемделістік
түрде
қақпа
және
қуыс
көктамырлардың арасында жанама
қан айналымдық байланыстар
пайда болады. Солар арқылы біраз қанның жалпы айналымға
түсуі қамтамасыз етіледі.
Қанның ішек-қарын көктамырларында іркілуі олардың
қызметтерінің
бұзылыстарына,
айналымдағы
қан
көлемі
азаюына, іш қуысында сұйықтың
жиналып қалуына және іш
шемені (асцит) дамуына әкеледі.
Бауыр жеткіліксіздігі кезіндегі эритропоэз бен қан
ұюдың бұзылыстары.
Бауыр аурулары кездерінде бауырда эритроциттер мен
гемоглобин
түзілуіне
қажетті
кобаламиннің,
фолий
қышқылының,
темірдің
жинақталуы
азаяды.
Осыдан
эритроциттер
өндірілуі бұзылып, тапшылықты анемиялар
дамиды.
Бауыр
жасушалары
қызметтерінің
бүзылыстарына
байланысты протромбиннің, фибриногеннің, V, VII, IX, X қан
ұю факторларының түзілуі азаяды.
Қан ұю төмендейді,
протромбин уақыты (қалыпты жағдайда 15 сек. дейін)
ұзарады.
Бауырлық
және
механикалық
сарғыштанулар
кездерінде гипо-және ахолиялардың нәтижелерінде майлардың
сіңірілуі бұзылуынан К-витаминінің жеткіліксіздігі дамиды.
Осыдан бауыр аурулары кездерінде қанағыштыққа бейімділік
байқалады. Бауыр беріштенуі кезінде
көптеген тамырлардан
(өңештің көктамырларынан т.б.) ауыр қан кетулер адам
өліміне әкелуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: