Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Бауыр жеткіліксіздігі кезіндегі қан тамырлары



Pdf көрінісі
бет498/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   494   495   496   497   498   499   500   501   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Бауыр жеткіліксіздігі кезіндегі қан тамырлары 
межеқуатының бұзылыстары.
Бауыр жеткіліксіздігі кезінде артериялық қан қысымының 
төмендеуі байқалады. Оның пайда болу негізінде бүлінген 
бауыр жасушаларымен ангиотензиногеннің түзілуі азаюы 
жатады. Сонымен бірге, бауырлық немесе механикалық 
сарғыштықтар кездеріндегі холемиялық синдромның дамуы 
нәтижесінде 
өт 
қышқылдарының 
тамырларды 
кеңітуінен 
гипотензия дамуы мүмкін. 
Қақпа көктамырында қан қысымының көтерілуі: бауыр 
беріштенуінде дәнекер тінмен тамырлардың қысылып қалуынан, 
қақпа 
көктамырында 
тромбоз 
дамығанда, 
жүректің 
оң 
қарыншасы жеткіліксіздігінде және перикардтың жалқықты 
қабынуында, байқалады. 
Порталдық 
гипертензия 
даму 
патогенезінде 
негізгі 


593
фактор болып қақпа көктамырында қан іркілуі есептеледі. 
Бұл 
кезде 
икемделістік 
түрде 
қақпа 
және 
қуыс 
көктамырлардың арасында жанама қан айналымдық байланыстар 
пайда болады. Солар арқылы біраз қанның жалпы айналымға 
түсуі қамтамасыз етіледі. 
Қанның ішек-қарын көктамырларында іркілуі олардың 
қызметтерінің 
бұзылыстарына, 
айналымдағы 
қан 
көлемі 
азаюына, іш қуысында сұйықтың жиналып қалуына және іш 
шемені (асцит) дамуына әкеледі. 
Бауыр жеткіліксіздігі кезіндегі эритропоэз бен қан 
ұюдың бұзылыстары.
Бауыр аурулары кездерінде бауырда эритроциттер мен 
гемоглобин 
түзілуіне 
қажетті 
кобаламиннің, 
фолий 
қышқылының, 
темірдің 
жинақталуы 
азаяды. 
Осыдан 
эритроциттер өндірілуі бұзылып, тапшылықты анемиялар 
дамиды. 
Бауыр 
жасушалары 
қызметтерінің 
бүзылыстарына 
байланысты протромбиннің, фибриногеннің, V, VII, IX, X қан 
ұю факторларының түзілуі азаяды. Қан ұю төмендейді
протромбин уақыты (қалыпты жағдайда 15 сек. дейін) 
ұзарады. 
Бауырлық 
және 
механикалық 
сарғыштанулар 
кездерінде гипо-және ахолиялардың нәтижелерінде майлардың 
сіңірілуі бұзылуынан К-витаминінің жеткіліксіздігі дамиды. 
Осыдан бауыр аурулары кездерінде қанағыштыққа бейімділік 
байқалады. Бауыр беріштенуі кезінде көптеген тамырлардан 
(өңештің көктамырларынан т.б.) ауыр қан кетулер адам 
өліміне әкелуі мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   494   495   496   497   498   499   500   501   ...   600




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет