595
♣
кейбір
эндокриндік
бездердің
ауруларында
байқалады.
Сонымен қатар ми қызметтерінің бұзылыстары, жағымсыз
көңіл-күйлер тәбеттің төмендеуін туындатады. Ұзақ уақыт
тәбетгің болмауы адамның жүдеуіне, зат алмасуларының
бұзылыстарына әкеледі. Осы көрсетілгендерге байланысты
анорексияның бірнеше түрлерін ажыратады:
♣ уытты анорексия - созылмалы жұқпалы аурулар
кездерінде (туберкулез т.б.), қатерлі өспе ауруларында
және химиялық заттармен тәннің уыттануларынан дамиды;
♣ диспепсиялық анорексия - ас қорыту жолдарының
аурулары кездерінде олардың сөлдері аз бөлінуінен болады;
♣ психогендік анорексия - жағымсыз эмоциялар мен жан
жарақаттары мен күйзелістері, ауыр қайғы-қасіреттер,
әйелдердің
семіріп
кетуден
қорқыныш
сезімі
т.б.
жа5дайлардан дамиды;
♣ нервтік рефлекстік анорексия - қатты ауыру сезімі,
жиіркенішті тамақтың иісі т.с.с кездерде байқалады.
● бұрмаланған тәбет -
парорексия
(грек. para -
ауытқыған, orexis - тәбет) делінеді. Бұл кезде адам жеуге
жарамайтын заттарды (бор, топырақ, көмір т. с. с.) жейді.
Парорексия дәмдік талдағыштардың орталық және шеткері
бөліктерінің, кейде уақытша, бүліністерінен дамиды. Сол
себептен кейбір есі ауысқан адамдар, тәнінде темірдің
тапшылығы бар әйелдер, жас балалар бор, үйдің әгін жейді.
Достарыңызбен бөлісу: