Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Сілекей бездері қызметтерінің бұзылыстары



Pdf көрінісі
бет502/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   498   499   500   501   502   503   504   505   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Сілекей бездері қызметтерінің бұзылыстары.
Сілекей бездері сілекей шығару (секрециялық) және ішке 
сөлденістік (инкрециялык) қызметтер атқарады. 
Сілекей тағамды жібітіп, тамақ түйіні құрылуына 
мүмкіншілік жасайды және көмірсулары заттарын ыдыратады. 
Соңғысы α-амилаза ферментінің әсерінен болады, ал ол 
фермент негізінен құлақ түбіндегі сілекей бездерінде 
өндіріледі. Сонымен қатар, араласқан сілекейде басқа 
гидролазалар 
(лизоцим, 
α-гликозидаза), 
протеазалар 
(калликреин, саливаин), нуклеазалар (РНК-аза, ДНК-аза), 
фосфатазалар, 
пероксидаза, 
карбоангидразалар 
бар. 
Сілекейде, қан плазмасына қарағанда, натрий мен хлордың 
мөлшері аздау, ал К
+
және гидрокарбонаттардың деңгейі 
көбірек болады. Жалпы сілекейде осмостық қысым, қанға 
қарағанда, төмен болады. 
Сілекей тістер мен ауыз қуысының кілегей қабығын 
шайады және қорғаныстық қызмет атқарады. Сілекейдің 
ферменттері (калликреин, саливаин) ауыз қуысында және 
сілекей 
бездерінде 
микроциркуляциялық 
қанайналымды 
реттейді. 
Бірақ, ферменттердің тым артық өндірілгенінде немесе 
оларға ауыз қуысы тіндерінің сезімталдығы көтерілгенде 
олар бүліндіргіш әсер етуі мүмкін. Мәселен, калликреиннің 
әсерінен өндірілетін кининдер ауыз қуысында қабынудың 


597
дамуына мәжбүр етеді, ал нуклеазалардың артықтығы ауыз 
қуысы тіндерінің дистрофиясына әкеліп, тін жасушаларының 
жаңарып тұру мүмкіншіліктерін төмендетеді. 
Сілекей бездерінің бұзылыстары олардың қызметтерінің 
көтерілуімен немесе төмендеуімен көрінеді. Осыдан сілекей 
көп немесе тым аз бөлінуі байқалады. Сілекейдің көп 
бөлінуін 
гиперсаливация
, аз бөлінуін 
гипосаливация
деп 
атайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   498   499   500   501   502   503   504   505   ...   600




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет