Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет504/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   500   501   502   503   504   505   506   507   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Шегрен ауруы
дейді. Бұл ауру жүйелік 


598
аутоиммундық дерт. 
Сілекейдің аз бөлінуі ауыз қуысының құрғауына әкеледі. 
Бұндай жағдайды 
ксеростомия
деп атайды. Осыдан шайнау мен 
жұтыну қиындайды, ауыздың кілегей қабықтары қабынады. Олар 
құрғап, кеберсуінен жарылып кетеді, жаралар пайда болады. 
Бұл жаралар арқылы жұмсақ тіндерге, сілекей бездеріне 
микробтар өтіп, қабыну туындатады. Содан тістерде кариес, 
тілдің қабынуы (глоссит) дамиды, тілде сыдырылған эпителий 
жасушаларынан 
тұратын 
таңдақтар 
пайда 
болады. 
Гипосаливация кезінде асқазан мен ішектердің сөл бөлуі 
әлсірейді. 
Сілекей бездерінің ішке сөлденістік (инкрециялық) 
қызметтерінің бұзылыстары.
Сілекей бездерінде кальций иондарының қандағы деңгейін 
төмендететін және тіс пен сүйектердің өсуі мен тұздар 
жиналу қабілетін көтеретін гормондық зат - паротин 
өндіріледі. Бұдан басқа оларда эпителий жасушаларының 
өсіп-өнуін күшейтетін - урогастрон, қанда түйіршікті 
лейкоциттерді көбейтетін зат, инсулин сәйкес зат, глюкагон 
т.б. гормондық заттар түзіледі. Бұл заттар сілекей 
бездерінен қанға ғана шығып қоймай, сонымен бірге 
сілекейге де шығады. Сондықтан сілекей шығуының бұзылуы 
сілекей бездерінде гормондық заттардың түзілуіне де әсер 
етуі мүмкін. Бұл гормондық заттардың физио-логиялық және 
патологиялық маңызы әлі толық зерттелмеген. Паротиннің 
өндірілуі 
төмендеуімен 
көптеген 
аурулардың 
(іштегі 
нәрестенің хондродистрофиясы, пішінін жоғалтатын артрит 
және спондилит, паротит), сонымен қатар қозғалу және 
сүйену мүшелерінің эндемиялық бүліністері (Камин-Бек 
ауруы) дамуын байланыстырады. Урогастронның әсерінен ауыз 
қуысы кілегей қабығында эпителий жасушаларының өсіп-өнуі 
ұлғаяды, жараның бітуі жылдамдайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   500   501   502   503   504   505   506   507   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет