Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Асқазанның қимылдық әрекеттерінің бұзылыстары



Pdf көрінісі
бет512/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   508   509   510   511   512   513   514   515   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Асқазанның қимылдық әрекеттерінің бұзылыстары.
Асқазанның бұл әрекеттерінің бұзылыстары оның толқи 
жиырылуының (перистәлтикасының грек. peristaltikos - қуыс 
ағзалардағы 
жүзік 
тәрізді 
тегіс 
еттерінің 
тағам 
қойыртпасын 
жан-жағынан 
қоршап, 
кейінгі 
бөліктеріне 
ығыстыра жиырылуы) бұзылуымен, құсумен көрінеді. 
Перистәлтиканың күшеюі (гиперкинез) асқазанның еттік 
қабатына 
парасимпатикалық 
кезбе 
жүйке 
талшықтарымен 
серпіндердің 
түсуі 
көбеюінен 
болады. 
Симпатикалық 
жүйкелердің 
қозуында, 
катехоламиндердің 
әсерлерінен 
асқазанның қимылдық әрекеттері әлсірейді. 
Сонымен бірге, асқазанның бұл әрекеттері гормондық 
заттармен де реттелінеді. Мәселен, ашішектің жасушаларымен 
өндірілетін, 22 аминқышқылдарынан тұратын, полипептид 
мотилин 
асқазанның 
қимылдық 
әрекеттерін 
сергітеді. 
Ұлтабардың ішінде ортаның реакциясы сілтілік жақта 
болғанда мотилиннің өндірілуі көбейеді де, асқазанның 
перистөлтикасы артып, оның ішіндегі тамақ ұлтабарға 
түседі. Осыдан асқазаннан қьшіқылдық өнімдер түсуіне 
байланысты ұлтабарда ортаның реакциясы (рН) төмендеуі 
мотилиннің түзілуі азаюына әкеледі де, қарынның қимылын 
азайтады. 
Асқазанның қимылдық белсенділігін қарын қызметтерін 
бәсеңсітетін және вазобелсенді ішекгік полипептидтер, 
секретин тежейді. 
Перистәлтиканың көбеюі гастрит, асқазанның ойық жара 
ауруы кездерінде байқалады. Бұл кездерде ет талшықтарының 
кейбір топтарының қатты жиырылулары нәтижесінде асқазанда 
ауыру сезімі пайда болады. 
Әдетте асқазанның қимылдық әрекеті күшейгенде асқазан 
сөлінің қышқылдығы да ұлғаяды. Бұл кезде қышқыл тағам 
қарыннан ұлтабарға түсуіне байланысты пилорустың қыспағы 
ұзақ уақыт жабық болады және асқазаннан тағамның ұлтабарға 
ауысуы баяулайды. 
Асқазаннын қимылдық әрекеттерінің азаюы (гипокинез) 
жиі гастрит кезінде, іш қуысы ағзаларының қалыпты 
орындарынан төмен ығысуларында (гастроптоз, спланхноптоз), 
қатты арып-жүдегенде және дененің жалпы әлсіздігінде 
кездеседі. Сонымен бірге тым майлы немесе дәмі нашар тамақ 
ішу, қорқыныш сезімі, ауыр жан күйзелістері, жағымсыз 
көңіл-күйлерде асқазанның қимылдық әрекеттерін азайтады. 
Өңеш пен асқазан арасындағы қыспақ (сфинктер грек. 
sphinkter – қыспақ) әлсірегенде асқазанның ішіндегі қышқыл 


610
заттар өңешке қайтып, төс астында жүрек қыжылы сезіміне 
әкеледі. 
Пилороспазм (пилорус қыспағының қатты жиырылып қалуы) 
кезінде асқазаннан тамақтың ұлтабарға ауысуы бұзылуына 
әкелетін қарынның ауыр қимылдық бұзылыстары байқалады. 
Бұндай жағдай асқазан мен ұлтабардың ойық жара ауруы, 
кейбір гастриттердің, пилородуодениттің, асқазан полипозы 
т.б. іш қуысы ағзаларының дерттері кездерінде болады. Бұл 
кездерде асқазанның толқи жиырылуларының икемделістік 
күшеюі оның еттік қабатының гипертрофиясын туындатады. 
Артынан пилораспазмның нәтижесінде асқазанның ұлтабарға 
ауысатын жерінде гипертрофиялық тарылу (стеноз) байқалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   508   509   510   511   512   513   514   515   ...   600




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет