Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Гипосекреция мен гипохлоргидрия және ахлоргидрия



Pdf көрінісі
бет511/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   507   508   509   510   511   512   513   514   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Гипосекреция мен гипохлоргидрия және ахлоргидрия 
кездеріндегі асқазандағы ас қорытылудың бұзылыстары.
Ахлоргидрия 
қарынның 
без 
жасушаларының 
үлкен 
құрылымдық өзгерістерінде дамиды. Асқазанның шырышты 
қабығындағы 
іргелік 
жасушалар 
өздерінің 
қызметтерін 
жоғалтады. Асқазанда негізінен сілтілік қасиеті бар шырыш 
басым 
болады. 
Бос 
тұз 
қышқылы 
жоқ 
асқазанның 
гипосекрециясы кезінде ас қорытылудың қатты бұзылыстары 
байқалады. 
Бұл 
кезде 
пепсиннің 
белсенділігі 
төмен 
болғандықтан 
нәруыздардың 
ыдыратылуы 
болмайды. 
Тұз 
қышқылының аз өндірілуі асқазан жасушаларымен гастриннің 
өндірілмеуінен 
болғандықтан 
асқазанның 
жүрек 
жақ 
(кардиалдық) 
қыспағы 
жабылмай, 
ұдайы 
ашық 
тұрады. 
Сондықтан асқазандағы тағамдық бөлшектер өңешке шығарылып, 
гастроэзофагиялық рефлюкс дамиды, жүрек қыжылы, кекіру 
пайда болады. 
Асқазан сөлінде тұз қышқылы болмағандықтан онда 
бактериялардың өсіп-өнуі көбейіп кетеді. Осыдан тағамдық 
заттардың іріп-шіруі ұлғаяды. Содан науқас адамның аузынан 
жағымсыз иіс шығады. 
Ұлтабарға 
қышқыл 
тағамдық 
заттар 
түспегендіктен 
қарынның пилорустық қыспағы ұдайы ашық түрады. Сондықтан 
тағам 
асқазанда 
ұсталмай, 
тез 
ұлтабарға 
ауысады.. 
Ұлтабарға тағам көптеп түсуден, ол ұлтабардың және 
ұйқыбездің ферменттерімен жөндеп өңделмейді. Ұлтабарға тұз 
қышқылы 
түспегендіктен 
онда 
секретиннің 
өндірілуі 
болмайды. Сол себептен үйқы безінің сөлі аз бөлінеді
тағамдық заттар толығынан ыдыратылмай, ашішекке түсіп, 
оның қимылдық әрекеттерін күшейтеді. Осыдан қатты іш 
өтулер байқалады, витаминдердің жеткіліксіздігі, дененің 
сусыздануы, зат алмасуларының бұзылыстары, қан жүйесінде 
өзгерістер т.с.с. құбылыстар пайда болады. 
Ахлоргидрия 
асқазанның 
іргелік 
жасушаларында 
тұз 
қышқылымен бірге ішкі антианемиялық фактор өндірілмейді. 
Сондықтан В
12
-витамин және фолий қышқылы тапшылықты анемия 
дамиды. Асқазан сөлінде тұз қышқылы болмауы темір 
иондарының 
сіңірілуін 
бұзып, 
теміртапшылықты 
анемия 
дамытады. Ахлоргидрия жиі ахилиямен қабаттасады. Ахилия 
деп асқорыту сөлдерінде ферменттердің болмауын айтады. 
Ахилия атрофиялық гастриттің соңғы сатысында, асқазан 


609
обырында байқалады. Сонымен бірге, дененің уыттанулары 
кездерінде, бауыр және эндокриндік бездердің ауруларында 
салдарлық ахилия дамуы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   507   508   509   510   511   512   513   514   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет