|
«С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ
НАО «КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА»
|
Ішкі аурулар кафедрасы
|
Ситуациалық есеп
|
Редакция: 1
|
Беті -
|
Ситуациалық есеп №6
«Асқазан және он екі елі ішек ауруларының диагностикасы »
Тапсырма:
Ауырудың негізгі синдромын айқындаңыз
Лабораторлық-аспаптық зерттеудің интерпретациясын орындау
Науқасқа қосымша зерттеу жоспары жүргізу
Негізгі және қосымша диагноз тұжырымдау
Емдеу негізі
Машықтану уақыты: 10 минут.
Пациент 45жаста,мамандығы программист, участкелік дәрігерге келесі шағымдарымен келді: эпигастрий аймағында түнде және аш қарынға ауыру сезімімен,сонымен қатар тамақтан кейін қыжыл кекіру,жүрек айнуға.
Анамнезінен:көп темекі шегеді, қою кофе ішеді ,тамақтануы ретсіз.Жиі созылмалы фарингитпен ауырады.Ауырғанына үш жылдай болған.Дәрігерге қаралмаған,тексерілмеген өз бетінше ( фитотерапия қабылдаған).
Қарап тексергенде: Жағдайы орта ауыр. Тері жабындылары таза, бозғылт.Дене температурасы қалыпты.Аңқасы бадамша безі ,жұтқыншақ қызармаған(не гиперемированы).Өкпеде тыныс везикулярлы,сырыл жоқ. Жүрек үндері тұйықталған, ырғақты. ЖСЖ 70 рет мин. АҚ 120/80 мм сб.б. Іш тыныс алу актысына қатысады,іші жұмсақ, пальпация кезінде эпигастрийде ауру сезімді,бұлшық ет тітіркенуі байқаламайды. Ұрғылау симптомы теріс.Үлкен дәреті таңертең болған, қалыпты.
Достарыңызбен бөлісу: |