Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


әлбуминнің деңгейі азаяды;  ●  кома-алды сатысы



Pdf көрінісі
бет496/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   492   493   494   495   496   497   498   499   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

590
әлбуминнің деңгейі азаяды
● 
кома-алды сатысы. 
Бауыр жасушалары тура емес 
билирубинді тура билирубинге айналдыру қабілетін мүлде 
жоғалтады. Осыдан қанда тура емес билирубиннің деңгейі 
көтеріледі, тура билирубин азаяды, уробилиноген толық 
жоғалады. 
Артынан 
бауырлық 
кома 
дамиды 
(жоғарыдан 
қараңыз). 
Бауырлық сарғыштану кезінде өттің ішекке түсуі азаяды, 
гипохолия дамиды. Гипохолия, ахолияға қарағанда, ас 
қорытылудың шамалы бұзылыстарына әкеледі. Бірақ бұл кезде 
бауыр жасушаларының қабынулық, бүліністік өзгерістері 
нәтижесінде бауырдың барлық қызметтері соның ішінде 
әсіресе 
майлардың, 
нәруыздардың, 
көмірсуларының, 
витаминдердің аралық алмасуы, қорғаныстық, усыздандыру 
қызметтері және қанның ұю үрдістері бұзылады. 
Гемолиздік сарғыпггану.
Гемолиздік сарғыштанудың себебі болып эритроциттердің 
тым артық ыдырауы есептеледі. 
Олардың 
ыдырауының 
артуы 
химиялық 
заттармен 
(фенилгидразинмен, 
мышьякты 
сутегімен), 
биологиялық 
улармен (жылан, ара улары) уланғанда, тобы немесе резус 
факторы бойынша сәйкес емес қан құйғанда, дене күйіктері 
мен үсіктері кездерінде, тұқым қуалайтын гемолиздік 
анемиялар т.б. жағдайларда байқалады. 
Эритроциттердің тым артық ыдырауы көкбауырда, сүйек 
кемігінде тура емес билирубиннің түзілуін арттырады. 
Бауыр жасушаларының тура емес билирубинді глюкурон 
қышқылдарымен 
байланыстыру 
қабілеті 
жоғары 
болуына 
қарамай, эритроциттердің гемолизі тым артып кетуінен 
олардың бұл қызметі жеткіліксіз болады. 
Сонымен бірге, эритроциттердің гемолизін туындататын 
улар бауыр жасушаларына бүліндіргіш әсер етеді. 
Осылардың нәтижесінде бауыр жасушалары тура емес 
билирубинді қан сұйығынан сіңіріп ала алмайды және оларда 
глюкурон қышқылымен байланысуын арттыратын ферменттердің 
белсенділігі төмендейді. Барлық тура емес билирубин тура 
билирубинге 
ауыспайды. 
Сондықтан 
қанда 
тура 
емес 
билирубиннің деңгейі көтеріледі. Ол орталық жүйке жүйесіне 
және бауыр жасушаларына уытты әсер етеді. Осыдан бауыр 
жасушаларының өт өндіру және өт шығару қызметтері 
әлсірейді. 
Сонымен қатар, гемолиздік сарғыштану кезінде бауырда 
тура билирубиннің түзілуі, ішектерде уробилиноген мен 
стеркобилиногеннің құрылуы көбейеді, Сондықтан стеркобилин 
мен уробилиннің мөлшері нәжіс пен несепте ұлғаяды. 
Гемолиздік сарғыштану кезінде холемиялық синдром және 


591
ішектерде ас қорытылуының бұзылыстары болмайды. Бірақ бұл 
сарғыштануға бауырлық және механикалық сарғыштықтанулар 
(өт 
жолдары 
өт 
қатпаларымен 
және 
билирубиннен, 
холестериннен, кальцийден тұратын тастармен бітеліп қалуы 
мүмкін) 
қосылуы 
ықтимал. 
Гемолиздік 
сарғыштанудың 
клиникалық көріністері анемияның зардаптарымен асқынады. 
Төменде сарғыштануларды өзара салыстыру арқылы ажырату 
кестесі келтірілген (-кесте). 
- кесте 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   492   493   494   495   496   497   498   499   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет