610
заттар өңешке қайтып, төс астында жүрек қыжылы сезіміне
әкеледі.
Пилороспазм (пилорус қыспағының қатты жиырылып қалуы)
кезінде асқазаннан тамақтың ұлтабарға ауысуы бұзылуына
әкелетін қарынның ауыр қимылдық бұзылыстары байқалады.
Бұндай жағдай асқазан мен ұлтабардың ойық жара ауруы,
кейбір гастриттердің, пилородуодениттің, асқазан полипозы
т.б. іш қуысы ағзаларының дерттері кездерінде болады. Бұл
кездерде асқазанның толқи жиырылуларының икемделістік
күшеюі оның еттік қабатының гипертрофиясын туындатады.
Артынан пилораспазмның нәтижесінде асқазанның ұлтабарға
ауысатын жерінде гипертрофиялық тарылу (стеноз) байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: