623
тағамдық заттың немесе құрылымы бойынша жақын бірнеше
тағамның
сіңірілуі
бұзылса,
салдарлық
мәлабсорбция
синдромында көптеген тағамдардың сіңірілуі бұзылады.
Мәлабсорбция
синдромының
балалардағы
негізгі
клиникалық көрінісі болып қатты іш өту, стеаторея
саналады. Балаларда гипотрофия, артынан қатты арып-жүдеу
дамиды.
Олардың дене массасы, бойы өсуі азаяды. Нәруыздар,
су мен электролиттердің алмасулары бұзылыстарынан дененің
ісінуі пайда болады. Гипохромдық анемия, гипопротеинемия,
диспротеинемия,
аминоацидурия,
гипокалиемия,
гипонатриемия, гипокальциемия дамиды. Организмде кальций
жетіспеушілігінен сіңірлердің тартылып қалуы (тетания),
остеопороз немесе остеомаляция байқалады. Ішектерде іру-
шіру үрдістерінің күшеюі және
гипокалиемия нәтижесінде
іштің
кебуі,
бұрап
ауыруы
болады.
Витаминдердің
жеткіліксіздігінен тілдің қабынуы (глоссит), терінін
өзгерістері, қызыл иектен қан кетулер т.б. байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: