Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Тағамның мембраналық ыдыратылуының бұзылыстары



Pdf көрінісі
бет518/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   514   515   516   517   518   519   520   521   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Тағамның мембраналық ыдыратылуының бұзылыстары.
Астың мембраналық ыдыратылуы ашішектің шырышты қабығы 
эпителийлерінің 
жиектерінде 
орныққан 
ферменттермен 
қамтамасыз етіледі. Ішек жасушаларының сыртқы қабығы өте 
нәзік 
(ұзындығы 

мкм, 
көлденеңі 
— 
0,1 
мкм) 


620
микробүршіктерден құралған. Бұл микробүршіктердің арасы 
10-нан 20 нанометрге (нм) дейін болады. Сондықтан олардың 
арасынан тек ұсақ молекулалар ғана өте алады. Микробтардың 
диаметрі бірнеше микрометрге (мкм) жететін болғандықтан 
олар бұлардан өте алмайды. Осыдан ішек жасушаларының 
бүршіктері 
бактерияларды 
өткізбейтін 
сүзгі 
қызметін 
атқарады. Ішектердің бұл қызметінің бұзылуы жасушалардың 
бүршіктерінің атрофиясы кезінде байқалады. 
Тағамның мембраналық (іргелік) ыдыратылуы кезінде 
қуыстық 
ыдыратылудың 
нәтижесінде 
пайда 
болған 
олигомерлерді 
ішек 
қабықтары 
арқылы 
сіңірілетін 
мономерлерге дейін ыдырату болады. Бұл ұсақ молекулалардың 
ыдырауы ішек эпителий жасушаларының сыртқы бетінде ас 
қойыртпасынан сорылған ұйқыбездің ферменттерімен (амилаза, 
липаза т.б.) және ішек жасушаларының өздерінде өндірілген 
ферменттердің 
қатысуымен 
(олигосахаридазалар, 
олигопептидазалар т.б.) болады. 
Тағамның мембраналық ыдыратылуының бұзылыстары мына 
жағдайларда болуы мүмкін: 
● астың қуыстық ыдыратылуының жеткіліксіздігінде; 
● ашішек эпителий жасушаларының нәзік құрылымы мен 
бүрлерінің құрылымы бұзылғанда. Мәселен, жіті сатқақ 
(дизентерия) кезінде ішек бүрлерінің биіктігі төмендейді, 
спру, сәулесоқ ауруы кездерінде, кейбір антибиотиктерді 
(неомицин) 
қабылдағанда 
ішек 
бүрлерінің 
атрофиясы 
байқалады; 
● астың мембраналық ыдыратылуына қажетті ферменттер 
жеткіліксіз өндірілгенде немесе олардың белсенділігі 
төмендегенде. Мәселен, ішек жасушаларының дистрофиялық 
өзгерістерінде ферменттердің түзілуі азаяды. Ұзақ уақыт 
антибиотиктер 
(хлортетрациклин, 
неомицин 
т.с.с.) 
қабылдағанда олардың белсенділігі төмендейді. Гипо-, 
немесе ахолия кездерінде ішек жасушаларымен ферменттерді 
тамақ қойыртпасынан (химустан) сорып алу төмендейді; 
● ішектердін қимылдық әрекеттері бұзылғанда ішек 
қуысынан 
эпителий 
жасушаларының 
сыртқы 
беттеріне 
ыдыратылатын заттарды тасымалдау бұзылады. 
Астың мембраналық ыдыратылуы бұзылғанда ас қорытылудың 
ауыр жеткіліксіздігі пайда болады. Астың сіңірілуі қатты 
бұзылады. 
Өйткені: 
ферменттердің 
жеткіліксіздігінен 
тағамдық заттар толық ыдыратылмайды және ішек бүрлерінің 
қызметі бұзылады. Осыдан ас қорыту жеткіліксіздігі дамиды. 
Көп мөлшерде ыдырамаған нәруыздар, майлар, көмірсулары 
ішектің төменгі бөліктерінде ауысады. Онда бактериялардың 
әсерлерінен ішектің шырышты қабығын бүлдіретін және іш 
өтуге, уыттануға, организмнің сусыздануына, балаларда 


621
гипотрофия дамуына әкелетін уытты өнімдер құрылады, 
Ішектің бағаналы жасушаларымен ферменттер түзілуінің 
бұзылуы өз алдына астың ыдыратылуына теріс әсер етуі 
мүмкін. Әсіресе энтерокиназаның аз өндірілуінен ұйқы 
безінің 
трипсиноген 
ферменті 
белсенді 
трипсинге 
айналмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   514   515   516   517   518   519   520   521   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет