Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Ішектердің сіңіру қызметінің бұзылыстары



Pdf көрінісі
бет519/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   515   516   517   518   519   520   521   522   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Ішектердің сіңіру қызметінің бұзылыстары
Тағамдық заттар мономерлерге дейін ыдырағаннан соң 
ашішектерде сіңіріледі. Астың мембраналық ыдыратылуы мен 
жасушалардың сыртқы мембраналары арқылы сіңірілуі және 
қанмен тағамдық заттардың тасымалдануы тығыз байланысты. 
Сондықтан 
астың 
мембраналық 
ыдыратылуының 
бұзылыстарына әкелетін барлық ықпалддар ішектерде тағамның 
сіңірілуін бұзады. 
Ашішекте сіңірілудің бұзылуын 
мәлабсорбция синдромы
(фран. mal - ауру, дерт , лат absorptio - сіңіру) деп 
атайды. Бұл кезде бір немесе бірнеше тағамдық заттардың 
сіңірілуі бұзылуы мүмкін. 
Мәлабсорбция синдромы - деп көбінесе ас қорыту 
ферменттерінің 
жеткіліксіздігінен 
ішектерде 
тағамдық 
заттардың сіңірілуі бұзылыстарын және сіңірілген заттардың 
ішек қабырғаларындағы қанмен, лимфамен тасымалдануы 
бұзылыстарын айтады

Мәлабсорбция синдромының даму жолдарында астың қуыстық 
және мембраналық ыдыратылуларының бұзылыстары маңызды. Бұл 
синдром үш сатыда өтеді: 
оның бірінші 
билиарлық
(лат. bilis - өт) сатысында 
липидтердің ыдыратылуы мен тасымалдануы бұзылады. Ол 
ішекке өттің жеткіліксіз түсуінен, ішекте дисбактериоз 
болғанда, өт қышқылдарының құрамы өзгеруінен және олардың 
алмасуы бұзылыстарынан дамиды; 
● екінші 
жасушалық
(целлюлалық) сатысы ашішектің 
әртүрлі аурулары, әсіресе шырышты қабықтарының атрофиясы, 
кездерінде сіңіруге жауапты құрылымдардың бүліністерінен 
дамиды. Бұл кезде ішектің шырышты қабығының беттеріндегі 
сіңіруге қажетті микросаңылаулардың диаметрі кішірейеді. 
Ішек қабырғаларындағы жасушалардың эндокриндік қызметтері 
бұзылыстарынан 
астың 
ыдыратылуы 
мен 
тасымалдануының 
гормондық реттелуі бұзылады;. 
● үшінші 
тасымалдау
сатысы ішектерде лимфа ағуы мен 
шажырқайлық 
қанайналымы 
бұзылыстарында 
сіңірілген 
заттардың ішкі ағзаларға тасымалдануы нашарлайды. 
Мәлабсорбция синдромы біріншілік, тұқым қуатын және 
салдарлық, жүре пайда болған болып ажыратылады. Барлық 
жағдайларда ас қорыту ферменттерінің әсерсізденуі мен ішек 
бүрлерінің құрылымдық өзгерістері орын алады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   515   516   517   518   519   520   521   522   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет