Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет527/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   523   524   525   526   527   528   529   530   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Тромбоэмболиялық 
ішек 
бітелуі
ішектердің 
қабырғаларында қанайналым бұзылыстарынан дамиды. Бұл кезде 
ішек тамырларының ішінде қан қатпаларының (тромбылардың) 
пайда болуынан немесе эмболдар тұрып қалуынан ішектерде 
қанайналым бұзылады. 
Ішектердің жоғарғы бөліктерінің бітелуі, тоғышектердің 
бітелуіне қарағанда, ауыр өтеді. 
Ашішектердегі интерорецепторлардың артық қоздырылуынан 
қатты ауыру сезімі пайда болады, кейде ауырулық сілейме 
(шок) дамуы мүмкін. 
Ішек бітелуі кезінде ас қорытатын сөлдердің бөлінуі 
және оның кері сорылуы бұзылыстары нәтижесінде су мен 
электролиттердің алмасуы бұзылады; толастамайтын құсу 
пайда болады. Құсықпен бірге көп су (тәулігіне 5-7 л 
дейін) натрий, калий, сутегі иондары, гидрокарбонаттар мен 
хлор организмнен сыртқа шығарылады. Осыдан гиповолемия, 
артериялық гипотензия дамиды. Калий иондарының организмде 
азаюы ішектердің атониясына әкеледі. 
Ішек бітелуі кезінде қышқылдық-сілтілік үйлесімділік 
бұзылады. Гидрокарбонаттардың (ұйқы безі және ішек сөлдері 
құрамында) 
құсықпен 
көп 
шығарылуы 
сутегі 
иондары 
шығарылуынан басым болғандықтан метаболизмдік ацидоз 
дамиды. Ацидоз дамуы жалпы қан айналым және ішкі 
ағзалардың 
қызметтері 
бұзылыстарына 
әкеледі. 
Егер 
асқазанның қышқыл сөлі құсықпен басым шығарылса, онда 
метаболизмдік алкалоз дамиды. 
Ішек 
бітелу 
нәтижесінде 
ас 
қорытылу 
бұзылады, 
ішектерде тағамдық заттардың ашып кетуі, іріп-шіруі 
күшейеді, уытты заттар құрылып, қанға түседі. Ішектер 
газбен керіліп, бұрап қатты ауыру сезімі пайда болады. 
 
Ішектік өзіндік уыттану. 
Адам 
ішектерінде, 
әсіресе 
тоғышектің 
төменгі 
бөліктерінде анаэробты микробтардан тұратын микрофлора 
міндетті 
түрде 
болады. 
Қалыпты 
ішек 
микрофлорасы 
дерттуындататын микробтардың дамуын тежеп, қорғаныстық 
қызмет атқарады. Сонымен қатар, олар ішекте кейбір 
витаминдердің түзілуін қамтамасыз етеді. Ішекте аз 
мөлшерде іру-шіру өнімдері (индол, скатол, крезол, фенол, 
әсерлі аминдер т.б.) болады. Олар ішек қабырғаларының және 
бауырдың тосқауылдық әрекеттерінің нәтижесінде организмге 
уытты әсер етпейді. Ал тоғышектің қабынуы (колит), іш қату 
және ішек бітелуі, дисбактериоз кездерінде іру-шірудің 
күшеюі бауырдың тосқауылдық әрекетінен асып кетіп, 


630
организмнің уыттануына әкеледі. 
Осыдан тез дамитын өзіндік уыттанудың нәтижесінде 
артериялық қан қысымы төмендейді, жүрек әлсіздігі дамиды, 
ми қызметтері тежеледі, тыныс алу нашарлайды, кома дамуы 
мүмкін. 
Созылмалы ішектік өзіндік уыттану кездерінде бас 
ауыруы, жүрек дистрофиясы, анемия дамиды. Ас қорыту 
жолдарының сөл бөлу қабілеті төмендейді, тәбет жоғалады
ас қорытылуының жеткіліксіздігі байқалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   523   524   525   526   527   528   529   530   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет