627
ұлтабардың
немесе
ашішектің
бастапқы
бөліктерінің
бітелуіне немесе тарылуына тән құбылыс. Ішектің төменгі
бөліктері бітелгенде құсықта нәжіс пайда болады.
Ұзақ толастамайтын құсу:
♣ судың, хлоридтердің құсықпен
көптеп шығарылуынан
организмнің сусыздануына;
♣ Н
+
иондарының көптеп шығарылуынан және организмде
гидрокарбонат анионы көптеп
жиналуынан газдық емесе
алкалоз дамуына;
♣ организмнің қатты жүдеуіне;
♣
ұзақ
қышқыл
өнімдердің
әсерлерінен
тіс
кіреукесінің жұқаруына;
♣
құсу
кезінде
кеуде
қуысында
қысымның
тез
көтерілуінен бет пен мойын терісінің қызаруына;
♣ асқазан мен өңештің механикалық бүліністеріне -
әкеледі.
Іш қатуы.
Ішектердің қимылдық әрекетерінің
әлсіреуі өте жеңіл
ыдыратылатын тағамды көп қабылдағанда, кезбе жүйкенің
қозымдылығы төмендегенде, ұлтабарға өт аз түскенде,
ішектерде
серотонин,
мотилин,
вазобелсенді
ішек
пептидтерінің
аз
өндірілгенінде
т.б.
жағдайларда
байқалады. Осыдан іш қатуы дамиды. Іш
қатуы ішектердің
кейбір бөліктерінің қатты жиырылып қалуынан (спазмдық іш
қату) немесе ішектердің жиырылуға қабілеті жоғалуынан
(атониялық іш қату) дамуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: