Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет525/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   521   522   523   524   525   526   527   528   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Спазмдық іш қату
қорғасынмен, сынаппен уланулар 
кездерінде, кейбір дәрі-дәрмектердің (темірі бар дәрілер, 
кальцийі 
бар 
дәрілер, 
жүйке 
түйіншектерінің 
(ганглийлердің) бәсеңсіткіштері, транквилизаторлар т.б.) 
әсерлерінен дамиды. 
Сонымен 
бірге, 
ауыр 
жан-дүниелік 
күйзелістер 
ішектердің қимылдық әрекеттерінің жүйкелік реттелуін 
бұзып, спазмдық іш қатуға әкелуі мүмкін. Қабынған 
асқазаннан, өт жолдарынан, ұйқы безінен жүйкелік серпіндер 
ағза-ағзалық рефлекстердің дамуына әкеліп, ішектердің 
қатты жырылуларын туындатады. 
Атониялық іш қату

● жеңіл қорытылатын тағамды жиі қабылдағанда, тағамда 
торшалардың аз болуынан, асқазанда гиперхлоргидрия болудан 
тағамның артық ыдыратылып кетуінен; 
● ауыр дерттердің нәтижесінде науқастардың ұзақ төсек 
тартып, 
жатып 
қалуынан 
т.б. 
себептерден 
қимыл-
қозғалыстардың аздығынан; 
● қарттардың ішек қабырғаларындағы ет талшықтарының 
әлсіздігінен; 


628
● кезбе жүйкелердің медиаторы ацетилхолин түзілуге 
қажетті В
1
-витаминінің тапшылығынан; 
● іш қуысындағы ағзаларда хирургиялық әрекеттерден 
кейін т.б. жағдайлардан - байқалады. 
Ұзақ мерзім іш қатуларының нәтижесінде ішектердің сөл 
бөлу қабілеті азаяды, ондағы ферменттердің белсенділігі 
төмендейді. Атониялық іш қату кездерінде ішектер керіліп 
кетеді, оларда үлкен дәрет жиналып, тұрып қалады. Бұл 
үлкен дәреттің сұйық бөлшектері кері сіңіріліп, ол қатып 
қалады. Содан нәжісте тас құрылады. Ішектерде микробтардың 
артық өсіп-өніп кетуінен астың іріп-шіруі артып, уытты 
заттар өндіріледі. Осыдан организмнің уыттануы пайда 
болады. Ішектерде газдардың (күкіртті сутегі, метан, 
көмірқышқыл 
газы 
т.б.) 
жиналып 
қалуы, 
іш 
кебуін 
(метеоризм), ауыру сезімін туындатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   521   522   523   524   525   526   527   528   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет