634
Ол кезбе жүйкелер мен гастриннің әсерлерін арттырады.
Ішектерде сіңірілу үрдісін азайтып, гистамин судың
бөлінуін
көбейтеді.
Ол
ішектердегі
Н
1
-рецепторларды
қоздырып, олардың тегіс еттерін жиырылтады,
аллергиялық
серпілістер
кездерінде
ішек-қарынның
бүліністерін
туындатады.
Серотонин.
Ішектердің энтерохромаффиндік жасушаларында
серотонин көптеп өндіріледі. Серотонин тұз қышқылының
бөлінуін тежеп, асқазанда шырыш бөлінуін көбейтеді. Ол
асқазанның пилорустық бөлігінің
перисталтикасын азайтып,
ашішектің перисталтикасын күшейтеді. Ішектерде серотонин
сіңімдікті тежеп, су мен электролиттердің ішек сөліне
бөлінуін көбейтеді.
Достарыңызбен бөлісу: