Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Ас қорыту жолдарының пептидтері және олардың дерт



Pdf көрінісі
бет529/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   525   526   527   528   529   530   531   532   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Ас қорыту жолдарының пептидтері және олардың дерт 
дамуындағы маңызы.
Гастрин. 
Бұл пептид асқазанның пилорустық бөлігінде G-
жасушаларымен өндіріледі. Бұл жасушалардың рецепторларының 
химиялық заттармен (нәруыздардың ыдырау өнімдерімен) және 
механикалық (тағаммен) қоздырылуынан гастриннің өндірілуі 
көбейеді. 
Сонымен бірге, Р-жасушаларымен өндірілетін бомбезин 
(адамда бомбезинге ұқсас пептид) гастриннің өндірілуін 
күшейтеді. Гастрин асқазанның іргелік жасушаларымен тұз 
қышқылының өндірілуін арттырады. Содан түз қышқылының көп 
өндірілуі, кері байланыс бойынша, гастриннің өндірілуін 
тежейді. Гастрин, асқазанда тұз қышқылының өндірілуін 
көбейтіп қана қоймай, ұйқыбез ферменттерінің бөлінуін, 
өттің ішекке шығуын, асқазанның қимылдық әрекеттерін 
сергітеді. 
Сонымен 
қатар 
ішекте 
кейбір 
заттардың 
(глюкозаның, натрийдің және судың) сіңірілуін азайтады. 
Гастрин өндіретін ұйқыбез немесе асқазан жасушаларының 
өспесінде Золлингер-Эллисон (1955) синдромы дамиды. Бұл 
кезде асқазанның іргелік (париеталдық) без жасушаларының 
массасы үлкейеді, тұз қышқылы мен пепсин өндірілуі 
көбейеді, асқазан мен ұлтабарда ойық жара дамиды. Бұл 
өспені гастринома деп атайды. Ол жиі ұйқы безінде және 
ұлтабардың шырышты қабығының астында дамиды. Көпшілік 
гастриномалар 
қатерлі 
өспелерге 
жатады 
және 
жиі 
метастазалар таратады. 
Глюкагон. 
29 аминқышқылдарынан тұратын, ұйқы безінің 
альфа-жасушаларымен 
және 
ұлтабардың 
шырышты 
қабық 
жасушаларымен 
өндірілетін 
полипептид. 
Ұйқы 
безінде 
өндірілген глюкагон бауырда гликогенолизді күшейтіп, 
гипергликемия дамытады. Ұлтабарда өндірілген глюкагон 


632
инсулин өндірілуіне сергіткіш әсер етеді. Осылай қандағы 
глюкозаның деңгейі қалыпты мөлшерде теңгеріліп тұрады. 
Сонымен бірге глюкагон липолизді күшейтеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   525   526   527   528   529   530   531   532   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет