1.Асқазан бездерінің секрециясын күшейтетін, төмендететін заттар
Диагностикалық мақсатта гастринді, экстративті заттарды тағайындайды. Егер асқазан секрециясы төмендеуінің себебі функциональды бұзылыстар болса, көрсетілген заттар асқазан сөлінің бөлінуін көбейтеді. Гастрин асқазанның антральді бөлігінде түзіледі, қанға сорылып, асқазан түбіндегі бездерге түсіп, олардың секрециясын күшейтеді. Хлорсутек қышқылы мен пепсиногеннің бөлінуін арттырады. Медицинада гастриннің пентагастрин деген синтетикалық фрагменті қолданылады.
Асқазан сөлінің қышқылдығын төмендететін алмастырылған бензимидол туындысы омепразол болып табылады. Бұл асқазанның тариетальды жасушалары протондық насостың қызметін тежейтін ойық жараға қарсы препараттардың жаңа типті өкілі. Ол базальдық және хлорлысутек қышқылының кез келген тітіркендіргіштер әсерінен дамыған секрециясын тежейді. Асқазан сөлінің жалпы көлемін төмендетеді және пепсиноген бөлінуін тежейді. Омепразол тез сіңіріледі. Ұзақ әсер етеді, биотрансформацияға ұшырайды. Омепразолдың он екі елі ішектің, асқазанның ойық жарасында, ойық жаралы петидті эзофагитте, Золлингер- Эллисон синдромында тиімділігі жоғары.
Өт айдайтын заттар
Өттің құрамында ішекте майларды эмульгирлейтін, олардың және майда еритін витаминдердің сіңірілуіне ықпал ететін өт қышқылдары бар. Өттің жеткіліксіздігі оның бауыр жасушаларында түзілуінің бұзылуына немесе өт жолдарынан он екі елі ішекке түсуінің қиындауына байланысты болуы мүмкін. Соған баіланысты медициналық практикада олардың екі түрі қызығушылық туындатады.
Өттің түзілуін ынталандыратын заттар
Өт препараттары: ″Холензин″
Өсімдік тектес препараттар: Холосас
Синтетикалық препараттар: Оксафенамид
Келтірілген барлық препараттар бауыр жасушаларымен өттің өндірілуін жоғарылатады. Әсіресе өт қышқылдары оның кұшті ынталандырғыштары болып табылады. Холензимге осы әсерімен қатар орын басушы емдік қасиеті тән.
Ішек моторикасын тежейтін заттар
Ішектің статикалық жағдайларында оның тонусын және қозғалыс белсенділігін төмендету үшін холиноблокаторлық заттар — м-холиноблокаторлар, ганглиоблокаторлары мен миотропты спазмолитиктері қолданылады. Жедел және созылмалы диареяда көбінесе лоперамид қолданады.Оның әсер ету принципі, ішектің опиоидты м-рецепторларына әсер етіп, оның перистальтикасын тежеу.
Антроцидті препараттар және гастропротекторлар
Антацидті заттар асқазан сөлінің хлорсутек қышқылымен химиялық реакцияға түсіп, оны бейтараптайтын негіздер болып табылады. Оларға натрий гидрокарбонаты, магний тотығы, магний үшсиликаты, алюминий гидротаты және кальций карбонаты жатады. Натрий гидрокарбонаты қысқа уақыт әсер етеді, суда жақсы жақсы ериді, жеңіл абсобцияланады және жүйкелік алкалоздың себебі болуы мүмкін.
Гастропротекторлар
Шырышты қабатқа механикалық қорғаныс жасайтын препараттар: Сукралфат, Висмут
Шырышты тосқаулдың қорғаныс қызметін жоғарылататын препараттар: Карбеноксолон, Мизопростол
Висмут үшкаллий дицитраты хлолысутек қышқылы әсерінен ақ тұнба түзетін, шырышты қабаттың гликопротеиндеріне, әсіресе некрозданған жара бетіне, жоғары туыстығы бар коллоидты суспензия болып табылады. Нәтижесінде жара бетінде полимер-гликопротеиндік кешеннің қорғаныстық ақ қабатымен жабылады.