Глюкагонома -
қатерлі өспелерге жатады, жиі ұйқы безінде орналасады. Бұл
дерт кезінде қантты диабеттің белгілері жөне терінің
бүліністері пайда болады. Теріде орын ауыстырып тұратын
некролиздік эритемалар байқалады. Сонымен қатар тілдің
қабынуы, стоматит, жүдеу, анемиялар дамиды.
Жас
балаларда
глюкагонның
аз
өндірілу
синдромы
кездесіп қалады. Оның дамуына тұқым қуалаушылықтың маңызы
болуы мүмкін. Глюкагонның аз өндірілуінен гипогликемия,
тырыспа-селкілдек, арасында тыныс алудың мезгіл-мезгіл
тоқтауы, қызбалық, кейде кома дамуы мүмкін.
Соматостатин,
14-аминқышқылдарынан тұратын, негізінен
гипоталамуста
түзілетін
полипептид.
Ол
асқазанның,
ішектердің, ұйқы безінің D-жасушаларында өндіріледі.
Соматостатин, соматотропты гормонның түзілуін тежеп қана
қоймай, аз мөлшерде инсулиннің, глюкагонның, пролактиннің,
кортикотропиннің,
тироксиннің,
кортикостеронның,
тестостеронның
және
гастриннің,
секретиннің,
холецистокининнің, пепсиннің, тұз қышқылының өндірілуін
тежейді. Сонымен бірге ол асқазанның, ішектердің және өт
қабының қимылдық әрекеттерін әлсіретеді, шажырқайдағы қан
тамырларын жиырады. Соматостатин мида тежелу үрдісін
арттырады, опиаттық рецепторлармен байланысып, ұйықтататын
дәрілердің әсер ету ұақытын ұзартады. Бұл көрсетілгендер
соматостатиннің организм тіршілігінде өте маңызды екеніне
дәлел болады. Ұйқы безінде соматостатинома өспесі дамуы
мүмкін. Бұл өспесі кезінде диспепсия (кекіру, іш ауыруы,
тамақ ішкеннен кейін бейжайлық жағдай), стеаторея, іш өту
байқалады. Науқас адамда қантты диабет, өт-тас ауруы
дамиды, ұйқы безінің ішекке сөл бөлуі нашарлайды,
асқазанда
гипо-немесе
ахлоргидрия
байқалады,
темір
тапшылықты анемия дамиды, науқас арып-жүдеп кетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |