633
ВИП артық өндірілуі
випома
атты өспесі кезінде
байқалады. Бұл өспе Вернер-Мориссон синдромын туындатады
және ауыр ішек түйілулерімен, қатты іш өтумен, стеаторея;
дегидратация,
гипо-немесе
ахлоргидрия
дамуларымен
көрінеді. Науқас адамда гипогликемия, гиперкальциемия,
ацидоз, гипергликемия байқалады. Кейде артериялық қан
қысымы төмендейді, тырыспа (тетания), өт қабының үлкеюі,
тері бөртпелері байқалады.
Р-заты.
Бұл пептид 11 аминқышқылдарынан тұратын, мида,
жұлында, гипоталамуста, қара затта өндіріледі. Ас қорыту
жолдарында Р-заты мейсенер және Ауэрбах түйіндерінде,
ішектердің еттерінде, шырышты қабықтың энтерохромаффиндік
жасушаларында табылады. ОЖЖ-де бұл пептид жүйкелік
медиатор болып есептеледі. Ол мида биогендік аминдердің
алмасуын күшейтеді, ауыру сезімін азайтады. Ас қорыту
жолдарында Р-заты ашішекте электролиттер мен судың
сіңірілуін азайтады, ішкі ағзалардың тегіс еттерін
жиырады, сілекей бөлінуін күшейтеді. Бұл пептидтің көбеюі
ас қорыту жолдарының карцинома тәріздес өспелерінде
байқалады және ауыр іш өтулеріне әкеледі.
Достарыңызбен бөлісу: