Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


нефропатиялар, гломерулонефриттер мен нефроздық синдромдар  кездерінде байқалады.  Гломерулонефриттер



Pdf көрінісі
бет539/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   535   536   537   538   539   540   541   542   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

641
нефропатиялар, гломерулонефриттер мен нефроздық синдромдар 
кездерінде байқалады. 
Гломерулонефриттер
Гломерулонефрит 
(лат. glomerulus - шумақ) 
- деп бүйрек 
-өзекшелерінің, 
артериолаларының, 
дәнекер 
тіндерінің 
дистрофиялық, склероздық өзгерістерімен қатар, нефрон 
шумақтарының басым бүліністерімен көрінетін екі бүйрекке 
біркелкі жайылған иммундық-қабынулық дерттерді айтады.
Бұл 
аурудың пайда болуы әртүрлі себептерден болады. Ол баспа, 
бадамша бездерінің созылмалы қабынулары (тонзилиттер), 
жоғарғы тыныс жолдарының ауруларынан, терінің іріңді 
қабынуларынан (пиодермиттерден) кейін жиі дамиды. 
Бүйрек шумақтарының бүліністері жиі инфекциялық-
аллергиялық немесе бейинфекциялық-аллергиялық үрдістердің 
қатысуымен болады. Бұл кезде науқас адамдардың қанында 
бүйрекке қарсы антиденелер табылады. Гломерулонефриттердің 
дамуы аутоаллергиялық жолдармен болатыны жан-уарларда 
өткізілген тәжірибелерде дәлелденді. В. К. Линдеман (1901) 
және Мазуги (1933) бүйрекке қарсы антиденелері бар қан 
сары суларын енгізу арқылы қоян мен үйректерде бүйрек 
бүліністерінің 
үлгілерін 
алды. 
Әртүрлі 
жұқпалар 
(стрептококктар, вирустар), химиялық заттар және дәрі-
дәрмектер (антибиотиктер) бүйрек шумақтарының тіректік 
мембраналарында аутоантигендердің пайда болуына әкелуі 
мүмкін. 
Сонымен бірге, бүйрек шумақтарының бұл мембранасының 
антигендік қасиеті стрептококктардың антигендік қасиетімен 
ұқсас болып келеді. Сол себептен жұқпалы аурулармен 
ауырған адамдардың тәнінде стрептококктарга қарсы түзілген 
антиденелер (иммундық глобулиндер) тіректік мембрананын 
антигендерімен байланысуынан комплемент бөлшектерінің 
белсенділігі көте-рілуі мүмкін. Осыдан бұл мембрананың 
өткізгіштігі жоғарылайды, нейтрофильдердің хемотаксисі 
болып, олардан лизосомалық ферменттер босап шығады. Бұлар 
шумақ қылтамырларында тіректік мембраналарының, Боумен 
қапшықтары эпителий жасушаларының бүліністеріне әкеліп, 
олардың өткізгіштігін одан сайын көтереді. 
Сонымен 
бірге, 
нефрон 
шумақтарының 
тіректік 
мембраналарының бүліністері жиі иммундық кешендердің 
әсерлерінен болады. Қанда айналып жүрген «антиген-
антидене» 
иммундық 
кешендері 
нефрон 
шумақтарының 
мембраналарына, 
қылтамырлардың 
қабырғаларына 
олардың
араларындағы 
тіндерге 
қонып, 
комплемент 
бөлшектерін 
әсерлендіру және нейтрофильдердің тамыр сыртына шығуын 
арттыру арқылы, олардың бүліністеріне әкеледі. Бұндай 
жағдайлар сарысулық ауру, жүйелі қызыл жегі, құздама 


642
тәріздес полиартриттер т.с.с. иммундық кешендік аурулар 
кездерінде 
болуы 
мүмкін. 
Кейбір 
вирустық 
жұқпалар 
кездерінде 
де 
иммундық 
кешендердің 
(вирус+антидене) 
түзілулері ықтимал. Бұл кешендер қанмен айналып жүріп, 
бүйрек шумақтарының тіректік мембранасына, қылтамырлардың 
қабырғаларына және тамыр аралық кеңістіктерге ауысып
оларды бүліндіреді. 
Жоғарыда көрсетілген бүйрек шумақтарының тіректік 
мембранасына 
қарсы 
антиденелер, 
иммундық 
кешендер 
нейтрофильдердің, 
макрофагтардың, 
тромбоциттердің, 
лимфоциттердің, 
комплемент 
құрамбөлшектерінің, 
простагландиндердің, калликреин-киниң, қан ұю жүйелерінің 
т.б. қатысуымен нефрондардың бүліністерін туындатады. 
Гломерулонефрит кезіндегі нефрон шумақтарының бүліну 
жолдарында олардың қылтамырларында қан ұюы көтерілуінің 
маңызы өте зор. 
Бүйрек шумақтарының тіректік мембраналарының қатты 
бүліністерін туындататын нефропатиялардың бір тобы больш 
нефроздық синдром есептеледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   535   536   537   538   539   540   541   542   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет