Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


ультрасүзіндінің немесе алғашқы несептің қысымына (БҚ)  байланысты.  СК=ҚҚ-(КОҚ+БҚ)



Pdf көрінісі
бет536/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   532   533   534   535   536   537   538   539   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

638
ультрасүзіндінің немесе алғашқы несептің қысымына (БҚ) 
байланысты. 
СК=ҚҚ-(КОҚ+БҚ); 
Нефрон шумақтарының қылтамырларындағы қан қысымы с. б. 
б. 45-52 мм, қан плазмасындағы онкотикалық қысым с. б. б. 
16-26 мм., Боумен қапшығының ішіндегі қысым с. б. б. 8-15 
мм. Сонда пәрменді сүзілулік қысым мөлшермен с. б. б. 10 
мм шамасында болады. 
Нефрон 
шумақтары 
арқылы 
несеп 
сүзілу 
қарқынын, 
шумақтар арқылы сүзілетін және бүйрек өзекшелерінде кері 
сіңірілмейтін, әрі өзекшелерден несепке шығарылмайтын 
заттардың клиренсімен (тазарту коэффициентімен) анықтайды. 
Клиренс (ағылш. clearance - тазарту) деп, белгілі заттан 
бір минөт ішінде тазартылған қан плазмасының мөлшерін 
айтады.
Оны анықтау үшін белгілі заттың зәрдегі мөлшерін, 
қандағы деңгейін және бір минөтте шығарылған несептің 
көлемін табу қажет. Клиренс (С) мына өрнек бойынша 
табылады: 
С
= U●Y/Р 
; мұнда: 
U - заттың зәрдегі мөлшері; 
Р - заттың қандағы деңгейі; 
Ү – минөттік диурез. 
Клиренсті анықтау үшін бүйрек өзекшелерінде кері 
сіңірілмейтін және олардың эпителий жасушаларымен несепке 
шығарылмайтын, тек бүйрек шумақтары арқылы сүзілетін зат 
инулин, маннитол пайдаланылады. Бірақ, бұл кезде бірнеше 
дүркін адамнан қан алу және инулиннің қандағы деңгейін бір 
мөлшерде ұстап тұру қажет болады. Сондықтан көрсетілген 
мақсатта инулин сирек қолданылады. 
Клиренсті анықтау үшін эндогендік креатининді анықтау 
жиі қолданылады. Осы жолмен бүйрек шумақтары арқылы несеп 
сүзілу қарқынын анықтағанда, ол минөтіне 80 - 120 мл 
болады. 
Несеп сүзілуінің бұзылыстары тікелей бүйрек қызметінің 
немесе бүйректен тыс жағдайлардан байланысты болуы мүмкін. 
Нефрон шумақтары арқылы несептің сүзілуі көбеюі немесе 
азаюы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   532   533   534   535   536   537   538   539   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет