648
шығарылады.
Бұл
глюкозурия
бүйректің
созылмалы
ауруларында, қорғасынмен, сынаппен, уранмен уланғанда,
сонымен қатар глюкозаның реасорбциясын қамтамасыз ететін
ферменттердің (гексокиназа, глюкоза-6-фосфатаза) тұқым
қуатын ақаулары немесе жүре пайда болған олардың
белсенділігінің төмендеуі кездерінде байқалады. Глюкозаның
соңғы несепте көбеюі, несептің осмостық қысымын көтеріп,
полиурия дамуын туындатады.
Нәруыздардың кері сіңірілуінінің бұзылыстары.
Нәруыздардың
кері
сіңірілуі
бұзылуынан
дамитын
протеинурияны тубулалық немесе өзекшелік протеинурия
дейді. Бұл протеинурия:
● нефрон шумақтары арқылы алғашқы несепке сүзілген
нәруыздардың
бүйрек
өзекшелерінде
кері
сіңірілуі
бұзылуынан;
●
бүйрек
өзекшелерінің
бүлінген
жасушаларынан
нәруыздардың несепке түсуінен - дамуы мүмкін.
Біріншісі
организмнің
кадмиймен,
фенацитенмен
уланғанында,
гипоксия,
күйік,
Д
гипервитаминозы,
септицемия,
бүйрек
қызметінің
жіті
жеткіліксіздігі,
Фанкони синдромы кездерінде байқалады. Қалыпты жағдайда
бүйрек
өзекшелерінің
эпителий
жасушаларында
алғашқы
несепке
сүзілген
нәруыздар
толығынан
кері
қанға
сіңіріледі. Ал, олардың несеппен шығарылуы осы кері
сіңірілу тетіктерінің бұзылыстарынан болады.
Протеинурияның екінші түрінде нәруыздар несепке зәр
өту жолдарынан, бүлінген өзекше жасушаларынан түседі
Достарыңызбен бөлісу: