Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Бүйректің несепті қоюландыру және сұйылту қызметінің



Pdf көрінісі
бет547/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   543   544   545   546   547   548   549   550   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Бүйректің несепті қоюландыру және сұйылту қызметінің 
бұзылыстары.
Қалыпты жағдайда соңғы несепте кейбір заттардың 
деңгейі олардың қан плазмасындағы деңгейінен бірнеше есе 
көп болады (-кесте). 


651
-кесте 
Заттардың қаи плазмасы мен сыртқа шығарылатын 
несептегі арақатынасы (%%)
(КешинА.)
Заттар
Қан 
 
сұйығында
Несепте
Қоюландыру 
дәрежесі
Зәрнәсіл 
0,3 
20,0 
65
Зәр қышқылы 
0,04 
0,5 
12
Креатинив 
0,01 
0,75 
75
Натрий 
3,2 
3,5 

Калий 
0,2 
1,5 
7
Фосфаттар 
0,09 
1,5 
16
Сульфаттар 
0,02 
1,8 
90
Бүйректің 
қоюландыру-сұйылту 
қабілетін 
несептің 
меншікті тығыздығын анықтау арқылы айыруға болады. Бірақ 
олар әрқашан сәйкес болмауы мүмкін. Сау адамда несептің 
салыстырмалы тығыздығы 1,016-1,020 арасында болады және ол 
ішілген сұйықтың мөлшеріне қарай тәулік бойында 1,002-
1,035 аралығынан астам толқуы мүмкін. 
Несептің салыстырмалы тығыздығы тәулі бойы төмен 
деңгейде (1,012-1,006 аралығында) өзгеріссіз толқуын 
гипостенурия 
дейді..Ол бүйректің несепті қоюландыру-
сұйылту қабілеттілігі азаюын көрсетеді. Гипостенурия 
полиуриямен қабаттаса, онда нефрон шумақтарының қызметі 
салыстырмалы түрде жеткілікті болады. Осындай жағдай 
созылмалы 
нефриттін 
бастапқы 
сатысында, 
пиелонефрит 
кезінде байқалады. 
Несептің салыстырмалы тығыздығы нефрон шумақтары 
сүзіндісінің (алғашқы зәрдің) тығыздығымен бірдей (1,010) 
болуын және ол қабылданған тамақ пен судың мөлшеріне 
қарамай осы мөлшерде тұрақты ұсталып тұруын 
изостенурия 
дейді. Ол бүйректің несепті қоюландыру-сұйылту қабілеті 
мүлде жоғалуын байқатады. . 
Бұл кезде нефрон өзекшелерінің эпителий жасушалары 
қатты бүлінгендіктен су мен тұздардың олар арқылы кері 
сіңірілуі мүлде бұзылады Егер гипо-және изостенурия 
кездерінде олигурия дамыса, онда бүйрек қызметі мен тұтас 
организмнің бұзылыстары өте қауіпті түрде өтеді. Бұл 
дерттік үрдіске көптеген шумақтардың бүліністері қосылуын 
көрсетеді, сондықтан несептің сүзілуі азаяды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   543   544   545   546   547   548   549   550   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет